Облыстық ТЖД 19 қаңтарда Құдайға шоқыну мерекесінде шомылуға арналған ойықтардың орналасқан жерлерін жария етті.
Атырау қаласында: 1) Жайық өзені, сүңгуір-құтқару станциясы («Орал» мейрамханасының қасы); 2) Жайық өзені, «Малибу» жағажайы (Жилгородок маңы); 3) Жайық өзені, Мечников-Баймұханов көлік көпірінен жүз метр жерде;
Махамбет ауданында: Махамбет ауылы, ПМК ықшамауданы (балық қорғау қызметінің маңы);
Индер ауданында: Индербор поселкесі, ТЖ бөліміне қарсы (ескі жағажай);
Құрманғазы ауданында: Ганюшкин ауылы, Безымянный ауылы, Шарон өзені;
Жылыой ауданында: Құлсары қаласы, 8-ші ауыл, Қамыскөл көлі.