Атырау, 22 желтоқсан 14:04
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

3 296 просмотра

Семинар

Алматыда дене тәрбиесі пәні мұғалімдері мен жаттықтырушылар үшін ҚР Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және Қазақ спорт және туризм академиясының ұйымдастыруымен республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Семинарға қатысушылар жаңа спорттық терминологиямен, жаттығу әдістемесіндегі жаңалықтармен және дене тәрбиесі пәні кезінде жарақат алу барысында алғашқы көмек көрсету тәсілдерімен танысты.

2016 жылғы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, 2008 жылғы Олимпиаданың «қола» жүлдегері Нұрбахыт Теңізбаев, 2016 жылғы Рио Параолимпиадасының «күміс» жүлдегері Раушан Қойшыбаева семинардың құрметті қонақтары болды.

Емтихан қорытындысы бойынша 10 қатысушыға «ҚР Үздік дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» атағы берілді. Олардың ішінде Махамбет ауданы, Талдыкөл селосының дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Алтын Ғабитова бар. Еске сала кетейік, ол 2015 жылы Атырау облысы бойынша өз пәнінің ең үздік ұстазы атанған болатын.

***

Карате

WKF каратэ-додан «Ақтау Кубогы» халықаралық турниріне 500-дей спортшы қатысты. Атырау облысынан облыстық спорттық және дәстүрлі карате федерациясы мен «Қайсар» спорт клубы қатысты.

Сайыс 6-дан 18 жасқа дейінгі түрлі жас санаты бойынша өтті. Спортшылар 22 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. Нәтижесінде Атырау құрамасы екі «алтын», үш «күміс» және 9 «қола» алқаны қанжығасына байлады.

– Шақырылған танымал палуандардан WKF жорамалы бойынша әлем чемпионы атанған бірінші грузин каратешісі Аркания Гогито мен әлемнің екі дүркін вице-чемпионы, Еуропаның үш чемпионатының жүлдегері әзірбайжандық Шахин Атамов келді. Мықты бәсекелестікті ескерсек, сайыс қорытындысы бойынша Атырау құрамасы жақсы нәтиже көрсетті. Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығына қолдау көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіреміз, - дейді бапкер Сансызбай Торғаев.

Спортшыларды бапкерлер Айбат Рахман, Ольга Айтжанова, Болат Ізбасханов және Әсел Серікова дайындады.

Футбол

Спорт сергітеді, жасартады, жарқын эмоциялар сыйлайды және түрлі жастағы адамдардың басын қосады. Бұл ақиқатты бұрын былғары доп шебері әрі Атырау футболы ардагерлері қозғалысының негізін салушы Сағи Данабаевтың 70 жылдығына арналған мини футбол бойынша өткен турнирге қатысушылар тағы да дәлелдеді.

Турнир «Атырау» ДСК-де өтті. Оған 4 команда: «Каспий», «Ветераны», «Мелиоратор» және «АМӨЗ» қатысты. Команда құрамы әуесқойлардан және жас кездерінде кәсіби футбол ойнағандардан құралды. Қатысушылардың көпшілігінің салиқалы жастарына қарамастан матчтар барынша қызықты өтті.

Кубоктар мен жүлделерді мерейгердің өзі табыс етті. Бірінші орынды «Каспий» командасы, «күміс» алқаны «Ветераны» иеленді. «Мелиоратор» үшінші орынға шықты. Жекелеген спортшылар жергілікті футболды дамытқаны үшін бағалы сыйлықтармен марапатталды. Олардың қатарында «АМӨЗ» командасынан Владимир Мартынов пен ардагерлер қозғалысынан Аманжан Сегізбаев бар.

***

«Атырау» ФК бұрынғы бас бапкері Владимир Никитенко Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Футбол федерациясында хабарлады.

Оның басшылық етуімен құрама Еуро-2019 іріктеу турнирінің матчтарына әзірленетін болады. 26 қаңтарда Ньонда іріктеу турнирінің жеребесі тасталады. Оның қорытындысымен біздің жастар командасы біліктілік бойынша болашақ бәсекелестерін білетін болады.

В.Никитенко Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері лауазымына «Атыраудың» бұрынғы бас бапкері Вахид Масудовтың орнына келді.

***

«Атырау» футбол клубы екі грузин ойыншысы - Владимир ДВАЛИШВИЛИ мен Учу ЛОБЖАНИДЗЕМЕН келісім-шарт жасады.

30-жастағы шабуылшы Двалишвилидің қызмет тізімінде «Динамо», «Олимпии» (екеуі де – Грузия), «Сконто» (Латвия), «Маккаби» (Израиль), «Полония», «Легия», «Погонь» (барлығы – Польша), «Оденсе» (Дания) клубтары бар. Ол Грузия ұлттық құрамасының ойыншысы болып табылады. 32 матчтық ойын өткізіп, 5 гол соққан. Бойы 182 см. Қол жеткізген табыстары: Тбилиси «Динамо» құрамында (2004/05 маусымы) Грузия чемпионы болды; «Маккаби» (2010/11) құрамымен Израил чемпионы; «Легия» (2012/13, 2013/14) құрамында ойнап Польшаның екі дүркін чемпионы болды және Польша кубогінің (2012/13) иегері атанды.

Бұдан басқа, «Атырау» ФК баспасөз қызметі хабарлағандай, клуб 29 жастағы грузин қорғаушысы Учей Лобжанидземен келісім-шартқа отырды. Ол бұрын «Динамо», «Зестафони» (екеуі де – Грузия), «Днепр», «Кривбассе» (екеуі де – Украина), «Омонии» (Кипр) клубтарында ойнады. Ұлттық Грузия құрамасы үшін ол 47 матч өткізді.

***

Хоккей

Хоккей бойынша Континенталды Кубок суперфиналының қорытынды матчында «Бейбарыс-Атырау» командасы даниялық «Оденсе Бульдогс» командасын тізе бүктірді.

Осылайша, Қазақстанның қазіргі чемпионы турнир қорытындысы бойынша екінші орын иеленді (ал ағылшынның «Ноттингем Пантерс» командасы Кубок иегері атанды).

Матч көрініске толы болды. 48-секундта даниялықтар есеп ашып, төрт минуттан кейін үстемдіктерін арттырды. Бірінші таймның ортасында «мәмлүктер» бір шайба салып, үшінші кезеңнің соңғы секундтарында есеп теңестірді. Содан соң овертаймда шайба салды.

Осы ірі халықаралық турнирдегі екінші орынды біздің командамыздың сөзсіз жетістігі деп есептеуге болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Марат ТАКУЛИН

19 қаңтар 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.