Атырау, 24 желтоқсан 05:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Барлық жаңалық

Нидерланд депутаттары ЕО-Украина келісімін мақұлдады Әлемде

Нидерланд депутаттары ЕО-Украина келісімін мақұлдады

Нидерланд парламентінің төменгі палатасы Украинаның Еуропа Одағымен (ЕО) ассоциация туралы келісімін ратификациялауды қолдап дауыс берді. Енді келісім жоғарғы палата - сенаттың қарауынан өтуі тиіс. 2014 жылы наурызда қол қойылған келісім осыдан кейін ғана күшіне енеді. Өкілдер палатасының келісімді мақұлдауы алдын ала күтілген жайт болды, себебі ондағы көпшілік орынға басқарушы коалиция ие. Енді сенаттағы дауыс беру елде 15 наурызға белгіленген парламент сайлауынан соң өтпек. 24 ақпан 2017, 09:47 1 816 рет қаралды
Азат Перуашев: Өзбекстанда үшінші шыны зауыты салынды, бізде біріншісін талан-таражға салды Басқа жаңалықтар

Азат Перуашев: Өзбекстанда үшінші шыны зауыты салынды, бізде біріншісін талан-таражға салды

Атышулы «Бішімбевтың ісі» бойынша танымал болған Қызылордадағы шыны зауыты 22 ақпанда өткен парламент мәжілісінің пленарлық отырысында атап өтілді. «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат ПЕРУАШЕВ ҚР премьер-министріне фракцияның атынан жолдаған депутаттық сауалында зауытқа салынған мемлекеттік қаржының тиімділігіне күмән келтірді. 23 ақпан 2017, 16:19 4 386 рет қаралды
ІІМ: Жанболат Мамайға "қысым жасалғаны" тексеріліп жатыр Қазақстанда

ІІМ: Жанболат Мамайға "қысым жасалғаны" тексеріліп жатыр

Астанада Азаттық тілшілерінің сұрағына жауап берген Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов тәуелсіз журналист Жанболат Мамайға "СИЗО-да қысым жасалғаны" туралы ақпараттан хабардар екенін мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, қазір бұған қатысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр. 23 ақпан 2017, 15:23 2 448 рет қаралды
Министр: Доллардың арзандауы бағаның төмендеуіне әсер етпейді Қазақстанда

Министр: Доллардың арзандауы бағаның төмендеуіне әсер етпейді

Қазақстан ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов доллардың теңгеге шаққандағы бағамының әлсіреуі елдегі тауар бағаларының арзандауына әсер етпейді деп санайды. Бұл туралы министр Астанада журналистерге берген комментариінде айтты. Оның сөзінше, Қазақстандағы бағаны доллар бағамына телу дұрыс емес. 23 ақпан 2017, 15:20 1 598 рет қаралды
Электронды төлқұжатта адамның барлық ауру-сырқаттары сақталады - Біртанов  Қазақстанда

Электронды төлқұжатта адамның барлық ауру-сырқаттары сақталады - Біртанов

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, денсаулықтың электронды құжаттарында адамның туғанынан бастап, осы уақытқа дейінгі барлық ауру-сырқаттары сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  23 ақпан 2017, 15:16 1 477 рет қаралды
Бас прокурор құқық қорғаушылар қандай қатігездікке барғанын жайып салды  Қазақстанда

Бас прокурор құқық қорғаушылар қандай қатігездікке барғанын жайып салды

Еліміздегі түрмеде отырған азаматтардың құқығын қорғау мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Алайда шешімін таппаған мәселелер де бар. Ол – адамдарды азаптау. Кейбір прокуратура қызметкерлері қолындағы билікті асыра пайдаланып, азаматтарды қинайды. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан түрме реформасының IV форумында Бас прокурор Жақып Асанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 23 ақпан 2017, 15:13 2 921 рет қаралды
Екі сағаттың ішінде екі алтын, екі күміс, бір қола еншіледік  Қазақстанда

Екі сағаттың ішінде екі алтын, екі күміс, бір қола еншіледік

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан Қысқы Азия ойындарында бүгін екі сағаттың ішінде қазақ спортшылары бес медаль жеңіп алды. Оның екеуі алтын, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 23 ақпан 2017, 10:04 2 611 рет қаралды
​Әкімдер есебі: Ноғаевпен өткен бір жыл Басқа жаңалықтар

​Әкімдер есебі: Ноғаевпен өткен бір жыл

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ алғашқы жылдық есебі толық аншлагпен өтті. Қазақстанда жаңа үрдіс  пайда болғанға ұқсайды. Бірінші болып көрші Батыс Қазақстан облысының әкімі халықтан сыйлық алды: ол жақта оған бір әжей банка салынған тосап әкелсе, бүгін, 22 ақпанда біздің әкімге пайдалы шұбат тарту етілді.   Сурет Бейнежазба 22 ақпан 2017, 22:55 5 890 рет қаралды
4 минус 1: Бір ресейлік полигонға кеміді Басқа жаңалықтар

4 минус 1: Бір ресейлік полигонға кеміді

22 ақпан күні парламенттің Мәжіліс депутаттарының пленарлық отырысында Ақтөбе облысының аумағындағы Ресей Федерациясының Ембі полигонын жалға алуды тоқтату туралы Хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды. 23 ақпан 2017, 14:27 2 524 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Махамбет ауылында 10 ақпанда жергілікті тұрғынның үйінен «ИЖ-27» аңшы қаруы мен 150 патрон ұрланған. Көп кешікпей полиция бұрын бірнеше рет сотталған 32 жастағы Е. есімді күдіктіні қолға түсірді. Заттай айғақтар алынды. 291-баптың 1-тармағы («Атыс қаруын жымқыру») мен 188-баптың 2-тармағының 3-тармақшасы («Тұрғын үй-жайға заңсыз кірумен жасалған ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Махамбет аудандық соты Е.-ні екі айға қамауға алуға санкция берді. Тергеу жүргізілуде.  23 ақпан 2017, 00:00 3 483 рет қаралды
Атырауға 28 газ слесарі аздық етеді Басқа жаңалықтар

Атырауға 28 газ слесарі аздық етеді

Тұтынушылар түтіндеткіш және желдету арнасын тексеруге келісімшарт жасауға міндетті емес, бірақ, кейбір фирмалардың өкілдері абоненттерді алдау арқылы қағаздарға  қол қойғызып,  өз қызметтері үшін ақы төлеуге мәжбүрлеп отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде «Коммуналдық қызметтерді есептеу орталығы» ЖШС (КҚЕО) директорының орынбасары Ерлан МҰРЗАБЕКОВ хабарлады. Бейнежазба 22 ақпан 2017, 16:11 3 292 рет қаралды
Қалдық су қайда кетіп жатыр? Басқа жаңалықтар

Қалдық су қайда кетіп жатыр?

Қаңтарда жергілікті билік «Атырау қаласындағы кәріздік-тазарту құрылғыларындағы апатты ахуалдарға» байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялады. Бұған кінәлі болған «Атырау Су Арнасына» КМК өлшемі бойынша адам шошырлық 100 миллиондық айыппұл салынды.  Сурет 22 ақпан 2017, 16:48 6 492 рет қаралды
Назарбаев Шыңғыс хан мен Томиристі қазақ деушілерді сынады  Қазақстанда

Назарбаев Шыңғыс хан мен Томиристі қазақ деушілерді сынады

Өткен шаққа қарайлай беруді емес, баянды болашаққа ұмтылған елдің ұмытылмас ұстанымын алуымыз керек. Бұл туралы Елбасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиналысының салтанатты сессиясында мәлімдеді. 22 ақпан 2017, 15:53 2 583 рет қаралды
1 ақпанға БЖЗҚ-да қазақстандықтардың Т6,71 трлн зейнетақылық жинағы жиналған Қазақстанда

1 ақпанға БЖЗҚ-да қазақстандықтардың Т6,71 трлн зейнетақылық жинағы жиналған

Астана. 22 ақпан. ҚазТАГ – 2017 жылдың 1 ақпанына «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақылық қор» (БЖЗҚ) АҚ-да жинақталған зейнетақылық жинағының жалпы сомасы Т6,71 трлн болды, делінген зейнетақылық қордың баспасөз қызметінің хабарында. 22 ақпан 2017, 12:49 3 613 рет қаралды