Атырау, 23 желтоқсан 16:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Назарбаев пен Путин Алматыда кездеседі

2 778 рет қаралды

Фото: Tengrinews.kz
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездеседі, - деп хабарлайды  Ақорданың баспасөз қызметі.

"27 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында Ресей Федерациясының Президенті В.Путинмен кездеседі. Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық жайттар талқыланады деп жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Кремль сайтының мәліметінше Қазақстан және Ресей мемлекет басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы, эәнергетика мен ғарыш, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі басты мәселелерді талқылайды. 

Содан кейін, сол күні Владимир Путин Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонның шақыртуымен Душанбе қаласына барады. 28 ақпанда Ресей Президенті ресми сапармен Қырғызстанға сапарлайды.

Дереккөз: Аkorda.kz 

22 ақпан 2017, 19:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.