Атырау, 10 мамыр 23:25
 ашықВ Атырау +17
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

«Авангард атқышы» өз кінәсін мойындамайды

1 226 просмотра

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Зарема ХАМИДУЛЛИНАНЫҢ төрағалығымен 15 наурызда үш адамды атып, төртіншісін ауыр жаралаған «Авангард атқышының» ісі бойынша сот отырысы басталды.

Басынан ауыр жарақат алғандықтан, аман қалған адамның қазір есте сақтау қабілетіне қатысты проблемалары бар, сондықтан жәбірленуші ретінде оның мүддесін әкесі қорғайды.

Сотталушы Бауыржан ҚАРАНЫ тергеу изоляторынан сот отырысына әкелді. Оған ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 1-, 2-тармақтары («Басқа адамдардың өміріне қауіпті жолмен екі немесе одан да көп адамды өлтіру») және 287-бабының 3-тармағы («Атыс қаруын заңсыз сақтау») бойынша айып тағылды.

Қазір сотта алдын ала тыңдау жүріп жатыр. Сотталушы мен оның анасы қаза болғандардың туыстарынан кешірім сұрап, көңіл айтты. Бірақ Б.Қара тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді:

- Мен оларды әдейі өлтірген жоқпын. Өлтіру ниетім болмады. Өз кінәмді мойындамаймын.

Ол сондай-ақ қоғамдық пікір өзіне қарсы екенін және бұл алқабилерге әсер етуі мүмкін екенін айтып, алқабилер сотынан бас тартты.

Еске салсақ, осыдан бір апта бұрын осы іске қатысты Б.Қараның тапаншасы бар екені ескертілген, бірақ еш шара алмаған полиция инспекторын сот 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын.

Фархат АБИЛОВ

24 тамыз 2022, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.