Атырау, 24 сәуір 02:34
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Лифт шахтасындағы жасөспірімдердің өлімі туралы іс екі жылдан соң сотта қаралып жатыр

3 698 просмотра

2018 жылдың 21 мамырында болған қайғылы оқиға қала тұрғындарының әлі күнге дейін есінде шығар: Алмагүл ықшамауданындағы №19 үйдің 15-қабатынан екі жасөспірім жұмыс істемей тұрған  жүк таситын лифтінің шахтасына құлап, қаза болған еді. Осы факті бойынша қылмыстық істі тергеу екі жылдан астам уақытқа созылып, міне, енді сот процесі басталды. Айыпталушының орындығында «Каспий Лифт» ЖШС-нің 53 жастағы директоры Қаныбек МҰРАТБАЕВ отыр.

Мұны еске түсіру ауыр, дегенмен айту керек. 2018 жылдың 22 мамырында кешке №34 лингвистикалық мектеп-гимназиясының тоғызыншы сынып оқушысы мен №1 мектептің сегізінші сынып оқушысы подъезде ойнап жүріп, шамасы, жұмыс істемейтін жүк таситын лифтіге қызығушылық танытқан. Кешкі 10-дар шамасында олар 15-қабаттан шахтаға құлап түсті. Біреуі сол жерде дереу көз жұмса, екіншісі көп кешікпей облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Осыдан кейін билік дереу Атыраудағы бүкіл лифтіні тексеруді бастап, көптеген өрескел кемшіліктерді анықтады. Өз кезегінде «Каспий Лифт» ЖШС өкілі: Алмагүлдегі жүк лифтілері жұмыс істемейтінін, өйткені әкімдік қаржыландыруы қажет екенін мәлімдеді.

Қайғылы оқиғадан кейін Атырау облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 278-бабы (Сапасыз салынған құрылыс) бойынша қылмыстық іс қозғады. Бірақ көп уақыт өткен соң ол сотқа 254-бап (Міндеттеріне адал қарамау) бойынша жетті. Қайғылы оқиға болған кезде сотталушының, Алматы облысының тумасы Қаныбек Мұратбаевтың «Каспий Лифт» ЖШС директоры қызметін атқарғанына 9 жыл болған.

2013 жылы лифтілерді жаңарту кезінде бүкіл 16 қабаттағы кейбір шахталардың есігі тиісті деңгейде бекітілмеген. Сонымен қатар, қауіпсіздік сақтау мақсатында барлық кіреберіс механикалық тартпамен бекітілетін есікпен жабдықталуы тиіс, сонда оларды қолмен ашу мүмкін болмайды. Осылайша, жасөспірімдер қаза болғанша бұл есіктер толық жабылмаған - тұрғындар оларды аша алатын болған. Тергеу мәліметі бойынша, бұл туралы директор Мұратбаев та білген.

Қазір №2 қалалық сотында сот процесі өтіп жатыр, бұдан басқа, тергеу ісі ҚР ҚК-нің 371-бабы (Салғырттық) бойынша қала әкімшілігінің қызметкерлеріне қатысты жеке өндіріске материалдар бөлді.

Бұл Алмагүлдегі көп қабатты үйлерде орын алған бірінші оқиға емес. 2013 жылы №23 үйде тұрып қалған лифтіден шықпақ болған 24 жастағы қыз қаза болған еді. Қылмыстық іс қозғалып, бірақ кейін тоқтатылды. 2018 жылы 16 қыркүйекте сол үйде үшінші қабаттан лифт құлап, ішінде болған 24 жастағы әйел мен 6 жасар бала түрлі жарақат алды. Қылмыстық іс қозғалған жоқ.

Фархат ӘБІЛОВ

24 қыркүйек 2020, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.