Сұрақ-жауап Баланы мектепке қалай беремін? Баламды 1-сыныпқа беруге өтініш бергіміз келген. Тіркеуден өтетін school.atyrau.gov.kz порталында Азаттық даңғылы бойындағы №21, 24 және 26 үйлер жоқ боп шықты. 10 шілде 2019, 17:10 12 417 рет қаралды
Сұрақ-жауап «Светланаға» назар аударсаңыз Біз Орталық ықшамауданы №3 үйдің тұрғындарымыз. Көп жыл бұрын үйіміз апатты деп танылды. Үй эксперименталдық жоба бойынша салынды және жобадағы қателіктердің салдарынан бүгінде үйдің лоджиялары қисайып тұр. 2-қабатқа апаратын баспалдақ бөлігі ауладан шығарылған... 29 маусым 2017, 00:00 4 150 рет қаралды
Сұрақ-жауап Фармацевт қателессе, жауап береді – Екі айдан бері әділдікке қол жеткізе алмай келемін. Дәрігер маған үш препарат тағайындап, рецепт жазып берді. Мен барған бірінші дәріхана маған бір дәріні сатты, рецептіде көрсетілген басқа екеуі оларда болмай шықты. Мен басқа дәріханаға бардым, ол жердегілер маған үш дәрі-дәрмек беріп, бірінші дәріханада маған рецептіде көрсетілмеген басқа дәріні бергенін түсіндірді. Тексеру үшін мен айналадағы бүкіл дәріхананы шарлап шықтым. Фармацевтердің барлығы бірінші дәріхананың маған басқа препаратты сатқанын растады. Алайда, рецептіні қате оқыған фармацевт дәрі-дәрмекті алмастыруға және қайтаруға болмайды деген негізбен ақшамды қайтарудан бас тартты. Мен келісер едім, бірақ, сөреден тауарды менің өзім алғаным жоқ қой. Маған дәрі-дәрмекті фармацевтің өзі берді және қателікті ол жіберді. Фармацевтің әрекетіне қатысты қайда шағымдануға болады? 13 сәуір 2017, 00:00 3 211 рет қаралды
Сұрақ-жауап Таласқа түскен жер – Үш жыл бұрын жер телімін сатып алдым. Бірақ қаржылық жағдайға байланысты үй құрылысын биыл ғана бастадым. Өз жер теліміме келіп, онда үй салынып тұрғанын көргенде, таң қалдым. Көршім бәрін шатастырып алыпты. Мемлекеттік акт бойынша оған менің жерімнің қасындағы телім тиесілі. Мен оған жер телімімді сатып алуды ұсындым, бірақ ол үйді аяқтап қалғанын айтып, бас тартып отыр. Бұл жағдайда қалай болмақ? 9 қаңтар 2014, 00:00 2 287 рет қаралды
Сұрақ-жауап Салықтың ауыр жүгі – Өткен жылы алаңы 0,9 га болатын өзімнің жер телімім үшін 180 теңге сомасында салық төледім. Биыл салық басқармасынан осы телім үшін 7 мың теңгеден астам сомада жер салығын төлеуім қажеттігі туралы хабарлама келді. Салықты төледім, бірақ бір жыл ішінде оның сомасы неліктен өте көбейіп кеткенін білгім келеді. Егер салық басқармасының қызметкерлері хабарлама дайындаған кезде қателік жіберген болса, ал салық сомасы іс жүзінде аз болса, мен айырмашылық сомасын қайтара аламын ба? 12 қыркүйек 2013, 00:00 2 480 рет қаралды
Сұрақ-жауап Дәрігердің қателігі - Онкологиялық науқастардың ауруды басатын Трамадол дәрісін тегін ала алатындығы рас па? Егер солай болса, неге біз құны арзан емес бұл дәріні жарты жыл бойына сатып алып жүрміз? Тұрғылықты мекен-жайымыз бойынша тіркелген емхананамыз беретін рецепте ешқашан дәрінің дәл дозасын көрсетіп жазбайды. Оны өз бетімізше есептеп алуға тура келеді. 23 мамыр 2012, 19:19 2 204 рет қаралды
Сұрақ-жауап Желілік теледидардағы жеңілдіктер – 2011 жылғы 29 қыркүйектегі «АЖ» газетінің №39 санында «ТВС ТV» кабельдік желісінің менеджері Қарлығаш БЛЯШЕВАНЫҢ өз абоненттеріне ұсынатын жеңілдіктері туралы қойылған сұраққа жауабы жарияланды. Менің жұбайым – Ауған соғысының ардагері. Жауапта айтылғандай. Ол «ТВС ТV» қызметін тегін алуға құқылы. Алайда, кабельдік теледидар компаниясына хабарласқан кезде, бізге «АЖ» тілшісі бәрін шатастырған деп мәлімдеп, жеңілдіктер беруден бас тартты. Сонда қалай болғаны? 30 қараша 2011, 20:01 2 179 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қателік болмас үшін құжат керек – Маған пәтерімнің банкте кепілдікте тұрмағандығы туралы анықтама қажет болған еді. Жалпы мұндай анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталығы тек жеке бас куәлігімді көрсеткен жағдайда бере алады. Ал іс жүзінде олар мүлікке құқығымды растайтын құжаттар әкелуімді өтінеді? Не үшін? 16 маусым 2011, 01:07 2 105 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жаңа куәлік үшін тест тапсыру керек – Әкемнің жүргізушілік куәлігінің мерзімі 2009 жылы бітті. Сол уақыттардың ішінде машинаның болмауына байланысты әкем оны қолдана да қойған жоқ. Міне, енді машина алған соң, қайтадан рөлге отырғысы келеді. Ескі жүргізушілік куәлігін жаңасына ауыстыру үшін не істеу керек? 9 маусым 2011, 17:31 2 741 рет қаралды
Сұрақ-жауап Міндетті түрде түбіртек сұраңыз – Наурызда қала дүкендерінің бірінен 13 000 теңгеге туфли сатып алған едім. Маған чек берген жоқ. Туфлиді тек сәуірде ғана кидім, өйткені оған дейін күн салқын болған еді. Бір апта өтпей туфлиім жыртыла бастады. Мен оны дүкенге апарып едім, ондағылар қабылдамады. Тіпті дүкен қожайынының есімін атағылары да келмеді. Талабымды кімге қоярымды білмей жүрмін... 11 мамыр 2011, 18:53 5 827 рет қаралды