Атырау, 21 желтоқсан 20:51
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Жаңа куәлік үшін тест тапсыру керек

2 608 просмотра

– Әкемнің жүргізушілік куәлігінің мерзімі 2009 жылы бітті. Сол уақыттардың ішінде машинаның болмауына байланысты әкем оны қолдана да қойған жоқ. Міне, енді машина алған соң, қайтадан рөлге отырғысы келеді. Ескі жүргізушілік куәлігін жаңасына ауыстыру үшін не істеу керек?

Телефон арқылы

Сауалға ІІД ЖПБ тіркеу-емтихан бөлімінің бастығы Мұхтар ӘЗІМОВ жауап береді: «Егер жүргізушілік куәлігінің мерзімі бітіп кеткен болса, онда жүргізушіге 40 сауалдан тұратын тест емтиханын қайтадан тапсыруға тура келеді. 8 қателік жіберуіне болады. Емтихан тапсыруға келгенге дейін арнаулы бланкаға арыз жазуы керек және қолында 1 890 теңгені төлеген түбіртегі, наркологиялық және жүйке аурулары диспансерінде есепте тұрмайтындығы туралы анықтама  болуы керек. Егер куәліктің мермізі бітпеген болса, онда ауыстырып алуға болады. Ескі куәлігіңізді тапсырасыз да, 10 күннен кейін жаңасын аласыз».

9 маусым 2011, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.