Сұрақ-жауап «Жер ала алмай жүрмін» Мен өткен жылы кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында Махамбет ауданынан 1 га жер телімін алуға өтініш бергенмін. Бірақ, маған жер Жайық өзеніне жақын және табиғатты қорғау заңдарының талаптарына сай емес деп берілмеген болатын. Бұдан соң мен Махамбет ауданына қарасты Бейбарыс ауылдық округінің әкімдігіне ауылдан 4 гектар жер бөлу туралы өтініш бердім, бірақ, одан да беруден бас тартты. 3 қараша 2016, 00:00 4 120 рет қаралды
Сұрақ-жауап Техникалық тексеруден өтуі тиіс Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда жылжымайтын мүлікке техникалық тексеру жүргізу және қайта жоспарлау саласында процедуралардың жеңілдетілгені туралы ақпарат тарады. Атап айтқанда: егер бұрын ішкі қабырғаның қалыңдығын 5 сантиметрден қалың етіп қайта жоспарлау үшін өкілетті органның (сәулет, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының) келісімі қажет болса (онсыз техникалық тексеру жүргізу қызметі көрсетілмейтін), енді негізгі арақабырғаларды қайта жоспарлаған жағдайда ғана оны заңдастыру қажет болады. 27 қазан 2016, 00:00 2 388 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ақша болса, үй күреледі Менің сұрағым Алтай көшесі, 7-үйге (көшеде барлығы сегіз пәтерлік бес үй бар) қатысты. Бұл тозығы жеткен үй 1952 жылы салынған, жөндеу көрмеген. Өткен жылы бұрынғы қала әкімі Н.Ожаев біздің үйдің тұрғындарымен кездесіп, үйлеріміздің жақын арада күрелетінін, ал бізді көшіретінін айтты. Бізді көшіре ме, жоқ па? Бұл мәселе қашан шешіледі? 8 қыркүйек 2016, 00:00 2 223 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жаңа маршруттар қажет Мечников – Баймұқанов көпірімен Атырау ықшамауданынан қала орталығына қарай, мәселен, Балықшы поселкесіне дейін жүретін автобус маршрутын шығара ма? Қазір бұл көпірдің үстімен жалғыз №11 автобус маршруты (Жұмыскер – «Дина» базары) өтеді. Бірақ бұл жеткіліксіз. 8 қыркүйек 2016, 00:00 2 710 рет қаралды
Сұрақ-жауап Әуелі смета, сосын асфальт Біз Өркен-2 ықшамауданының 5-ші көшесінде тұрамыз. Жол құрылысы бойынша жұмыстар қандайма бір себептермен тоқтап қалды. Біздің көшеде асфальт қашан пайда болады? 8 қыркүйек 2016, 00:00 2 343 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жол жиегіндегі көлік Күн сайын Құлманов көшесіндегі жол жиегінің екі жағына да (ТШО мен «Іскер» компаниясы ғимараттарының арасындағы шаршыда) көліктер қойылғанын көруге болады. Бұл көліктердің көпшілігі Атырау қалалық ІІБ қызметкерлеріне тиесілі. Осылайша қойылған көліктер бұл учаскедегі қозғалысты, әсіресе, қарбалас уақытта көлік қозғалысын көп қиындатады. 11 тамыз 2016, 00:00 2 623 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жұмыс беруші міндетті емес Ашық бос орындарға үміткерлермен сұхбаттасу кезінде кейбір жұмыс берушілер есептен шығару хаттарын талап етеді. Осыған қатысты сұрағым бар. Бізде Атырауда ТШО, НКОК және т.б. компаниялардың жобаларына жұмылдырылған компаниялар көп. Бір компаниядан екіншісіне (немесе клиент компанияға) көшу кезінде жұмыс беруші көбінесе ағымдық компания басшылығынан басқа фирмамен келіссөздер жүргізу келісімін растайтын «есептен шығару хатын» талап етеді. 11 тамыз 2016, 00:00 2 887 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жер теліміне бақылау жасалады – Біздің қалада жеке сектордағы жер телімдерінің, коммерциялық құрылыстар мен жалғамаларды рәсімдеу кезінде алынған үй аумақтарының шекарасына қадағалау жасайтын мекемелер бар ма? Жер телімдеріне кадастрлық төлқұжаттарда көрсетілген мәліметтерді нақты шекаралармен салыстырып, бақылау жасайтын кім? 11 тамыз 2016, 00:00 2 660 рет қаралды
Сұрақ-жауап Орынсыз талап Банкке жұмысқа орналасқан кезде менен сауалнама толтырып, ата-анам мен балаларымның мекен-жайын көрсетуді өтінді. Жұмыс берушінің талабы заңды ма? 21 шілде 2016, 00:00 2 282 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сотсыз болмайды 1944 жылы әке-шешем Қырым АКСР-нен Қазақстанға жер аударылды. Мен ата-анам арнайы қоныста болған кезде дүниеге келіппін. Бұған КСРО ішкі істер халық комиссариаты берген туу туралы куәлігім дәлел бола алады. Мен ақтау туралы анықтама алу үшін облыстық прокуратураға жүгінген едім, алайда деректі мұрағат мәліметтерінде қуғын-сүргіннің қолданылу фактісінің: менің және менің ата-анамның арнайы қоныстың тіркеу есебінде жоқтығына байланысты маған анықтама беруден бас тартты... 21 шілде 2016, 00:00 2 401 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бәрі тұрғындар есебінен шешіледі Біздің үйдегі терможаңғырту бағдарламасы аясында осыдан үш жыл бұрын орнатылған лифт еш себепсіз тоқтап қала береді. Оны орнату үшін біздің 9 млн теңгеміз шығындалды, яғни, ай сайын 2,5 мың теңгені әлі күнге төлеп келеміз. Енді біз лифт жұмысы үшін кімге шағымданамыз? 23 маусым 2016, 00:00 2 300 рет қаралды
Сұрақ-жауап Алғашқы тұрбаға дейін 2007 жылы жұбайым екеуміз жер телімін алуға өтініш берген едік. 2012 жылы бізге Водниково-3 поселкесінен жер телімін берді. Қолымызға жер телімін бөлу туралы актінің көшірмесін алдық. Сонымен болды. Әлі күнге дейін «бегунок» жасай алмай жүрміз, өйткені, қала әкімінің тиісті шешімі жоқ. Әлденеше рет қалалық сәулет бөліміне хабарластық, ол жақтағылар үнемі аз ғана күту керектігін айтады. Нені және тағы қанша күту керек? 23 маусым 2016, 00:00 2 371 рет қаралды
Сұрақ-жауап Неге тыйым салынған... Бізде нені, қайда және кімді фотосуретке түсіре алатыным туралы нақты жазылған заң бар ма? 9 мамыр қарсаңында мен Мәңгілік алауға гүл шоғын қою әзірлігін суретке түсірген болатынмын. 23 маусым 2016, 00:00 5 293 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тағы да жер туралы – Тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға өтініш берейін деп халыққа қызмет көрсету орталығына бардым. Ондағылар маған қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінен жер телімін алатын жердің көшірмесін алып келуім керек екенін айтты. Ал, қалалық сәулет бөлімінде маған ондай анықтама берілмейтінін айтты. Жер телімін берудің нақты тәртібін түсіндіріп берсеңіздер екен. 9 маусым 2016, 00:00 3 849 рет қаралды
Сұрақ-жауап Алалаушы маршрут - Мен Дамбы селосынан қалаға қатынайтын №50 маршруттағы келеңсіз жағдай туралы айтқым келеді. Кондуктор автобуста екі зейнеткерден артық мінген зейнеткерден жолақысының толық көлемін талап етеді. Неге мен зейнет жасыма қарамай түгел төлеуім керек? 9 маусым 2016, 00:00 2 894 рет қаралды
Сұрақ-жауап Су қайта толды - Нұрсая ықшамауданындағы №55, 57 үйлердің кәріз жүйесі дұрыс жұмыс жасамайды, әлсін-әлсін тасып, үйлеріміздің алды шіріген шалшыққа айналды. Бұған дейін бірнеше жерлерге хабарласып, жағдайымызды баяндадық, қалалық әкімдік, қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы, Нұрсаядағы коммуналдық қызмет көрсету мекемесіне арыз түсірдік. Бірақ мәселеміз әлі шешілмей тұр. Терезелерімізді аша алмаймыз, есік алдына шығып отыра алмаймыз, себебі, шіріген судың иісі мен оған жиналған маса, шіркейлер мұрша бермейді. 9 маусым 2016, 00:00 2 616 рет қаралды
Сұрақ-жауап Лизаға грант бұйыра ма? №30 мектепте біздің балаларымызбен бірге бір сыныпта С.Қазыбаев атындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушісі Лиза САФРОНОВА оқиды. Ол өте жақсы оқиды, үнемі түрлі олимпиадалар мен жарыстарға қатысады. 2 маусым 2016, 00:00 2 281 рет қаралды
Сұрақ-жауап Балаңыздың қасында болғыңыз келсе, ақы төлеңіз Отбасы мүшелері ауруханада мынадай жағдайға тап болды: егер баланың жасы 3-тен асқан болса, онда ол ауруханаға жалғыз жатқызылады екен. Ал, ата-аналары бірге жатуды қадала өтінген жағдайда ақы төлеуге тиіс. Облыстық балалар ауруханасында бір тәулік үшін 1 800 теңге төленсе, жұқпалы аурулар ауруханасында – 1 600 теңгеден. Әрі олардың қай-қайсысында да қосымша төсек берілмейді. Бұл сонда қайдан шыққан тәртіп, ақшаны қандай негізге сүйеніп алып отыр? 2 маусым 2016, 00:00 2 778 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жеделдік үшін қосымша ақы Мен жеке бас куәлігімді жоғалтып алдым. Ал, қазір ол маған шұғыл қажет болып қалды, өйткені, біз пәтер сатып алу құжаттарын рәсімдеп жатырмыз. Бұрынғыша газетке құжаттардың жоғалғаны туралы хабарландыру беру және үй кітапшасын көрсету міндетті ме? Және куәлікті жедел түрде алу қанша тұрады? 2 маусым 2016, 00:00 2 319 рет қаралды
Сұрақ-жауап Заңдастыру + мемлекет кірісіне 10% Жақында баспасөзде мемлекеттік кірістер департаментінің 2016 жылы 1 мамырда Атырау облысында ҚР тысқары жатқан жалпы сомасы 207,4 млн теңге болатын мүлік заңдастырылды деген ақпарат жарияланды. Осыдан бірнеше жыл бұрын шетелден пәтер сатып алған болатынмын, соған қатысты менің қоятын сауалдарым бар еді. Мен бизнесменмін, бұл жылжымайтын мүлікті ешқандай заңды бұзбастан адал еңбегіммен тапқан ақшама сатып алдым. 2 маусым 2016, 00:00 2 322 рет қаралды
Сұрақ-жауап Күдікті ұнтақ Қала базарларында түрлі сауда таңбасымен сатылатын кір жуғыш ұнтақтардың сапасының төмендеп кеткендігін айтқым келеді. Жуылған киімдерімізде дақтар мен жағымсыз иістер қалып қояды. 26 мамыр 2016, 00:00 2 420 рет қаралды
Сұрақ-жауап «...Көршіміз артық» болмай шықты Жатақханаларды күреу жөніндегі облыстық бағдарламаясында Досмұхамбетов (бұрынғы Тельман), 15 мекен-жайындағы үйді осы жылдың қаңтар айында күреп, тұрғындарға Нұрсая ықшамауданынан пәтерлер беруі тиіс еді. Алайда, біздегі үш пәтердің иесі өздеріне қала орталығынан екі бөлмелі пәтер беруін талап етті. Осыған байланысты барлық тұрғындарға пәтер беруден бас тартты. 26 мамыр 2016, 00:00 2 135 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мемлекеттік нөмір үшін төлеуге тура келеді ӘПБ-ден қайта жарақтауға рұқсат алған соң көлігіме газ жабдығын орнаттым. Бірақ техникалық төлқұжатқа қажетті өзгерістер енгізуге келген кезде маған басқа төлем түрлерінен бөлек менің жаңа тіркелген мемлекеттік нөмірім үшін тағы төлеуге тиіс екенімді айтты. 5 мамыр 2016, 00:00 2 140 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қабылдағыштар жаңартылды Менің Отау ТВ жерсеріктік телехабар тарату желісіне қосылғаныма жарты жыл уақыт болды. 18 сәуірде техникалық үзілістен соң телеэфир қосылған кезде «Еуразия», «КТК», «НТК» телеарналарынан басқа қазақ тілінде телехабар тарататын арналар көрсетпей қалды. Бұл немен байланысты? 5 мамыр 2016, 00:00 2 277 рет қаралды
Сұрақ-жауап Куәлік бұрынғыша беріледі Қазіргі уақытта автомектептен оқымай-ақ жүргізуші куәлігін алуға бола ма? 5 мамыр 2016, 00:00 2 474 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жол зардабы Ленин атындағы №1 мектепке апаратын кірме жолдар мен жаяу жүргіншілер жолы қашан салынады? Балалар сабаққа бару үшін балшықтың бетіне төселген тақталардың үстімен жүреді. Сегіз жыл бұрын осы мәселені қалалық билік алдына қойған едік, әлі жауап ала алмадық. 28 сәуір 2016, 00:00 2 367 рет қаралды
Сұрақ-жауап Кәріз көлшіктері «Тамаша» сауда орталығының маңында үнемі кәріздік ағын сулардан көлшік жиналып қалады. Бұл біреулерді алаңдата ма, әлде тек мені ме? 28 сәуір 2016, 00:00 2 576 рет қаралды
Сұрақ-жауап Елес үйлер Үйлерімізді 1952 жылы «Геофизика» бірлестігінің құрылыс учаскесі салған. Бұл бір ауладағы он үй – Алтай көшесіндегі 5 үй мен қарсы тұрған Азаттық даңғылы бойындағы 5 үй. 90-шы жылдардың аяғында Азаттық бойындағы үйлер жөндеуден өтті, ал, Алтай көшесіндегі үйлер 1978 жылдан бері жөндеу көрмеген. 27 сәуір 2016, 18:21 2 610 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ипотекалық компания ұсынатын баспана – Ақтөбе қаласында «Жас отбасы» тұрғын үй бағдарламасына 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады, ал, бізде - Атырауда неге 29 жасқа дейін деп көрсетілген. 14 сәуір 2016, 00:00 3 991 рет қаралды
Сұрақ-жауап Молдова азаматтары үшін - 90 күн – Мен Молдова азаматымын, қазіргі уақытта отбасылық жағдайыммен Атырау қаласында жүрмін. Жеке тұлғамен еңбек шартын жасауды жоспарлап отырмын. Маған көші-қон полициясында ондай келісімшартты тек үш ай мерзімге ғана жасауға құқылы екендігімді айтты. Одан соң ҚР аумағынан шығуға міндетті екенмін. 14 сәуір 2016, 00:00 2 559 рет қаралды
Сұрақ-жауап Шипажайға үш жастан бастап барады – Менің екі жастағы балама бронх демікпесі деген диагноз қойды. Мұндай диагнозы бар балаларды біздің облысымызда қалай емдейді? Қандай да бір емдеу шаралары жүргізіле ме? Осындай диагнозбен балалар есепке алына ма? Қандай мамандар қандай бақылау жүргізеді? Мұндай диагнозбен балаларға сауықтыру шипажайларына жолдама, сондай-ақ, емделуге квота беріле ме? Егер берілетін болса, қайда барып жолығады, қалай рәсімдеу керек? 14 сәуір 2016, 00:00 2 580 рет қаралды
Сұрақ-жауап Педогог үшін төтенше жағдай – Менің жұбайым - мектеп мұғалімі. Таяуда оқу мекемесінің әкімшілігі мұғалімдер төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет етеді деген мақсатта оқу курсынан өтуі керек деп жариялаған. Курс құны – 4 мың теңге. Ол қандай оқу және жалпы ондай курстар заңды ма? 14 сәуір 2016, 00:00 2 445 рет қаралды
Сұрақ-жауап Барлығы да онлайн – Жақында заң бойынша қонақ үй, мейрамхана, сұлулық салондары, т.б. нысандар қожайындарын кассалық онлайн аппарат алуға міндеттеді. Біздің 18 шаршы метр алаңы бар шаштаразымыз бар, алайда «Сұлулық салоны» санатына біз жатпаймыз, өйткені, салонда стандарт бойынша 30 шаршы метр және одан жоғары алаң болуы тиіс. Ол жерде қарапайым шаштараздарға қарағанда кең қызмет түрін ұсынады, қызметкерлерінің құрамы түрлі бейінді, әрі қызмет құны да жоғары. 7 сәуір 2016, 00:00 3 102 рет қаралды
Сұрақ-жауап АМӨЗ маңы қауіпті – АМӨЗ жанында көлік қоюға арналған кең алаң бар. Алайда олар қоршалған және зауыт күзеті ол жерге көлік қоюға рұқсат етпейді. Зауыт алдындағы алаңға да көлік қоюға болмайды. Күзетшілер зауытқа келушілерді көліктерін жол жиегіне қалдыруға мәжбүрлейді. Ол жер лайсаңда аяқ алып жүргісіз балшық және бос жер табу өте қиын. Көлікті зауыттан едәуір қашықтыққа қалдырып, содан соң жаяу жол жиегімен баруға тура келеді. Өйткені, бұл жерде жаяу жүргінші жолы жоқ. Келушілерге арнайы бөлінген орынға не себепті көлік қоюға тыйым салған? 31 наурыз 2016, 00:00 3 235 рет қаралды
Сұрақ-жауап Әкесінің қызы – Әкем қайтыс болғаннан кейін тұрғын үй мұраға қалды. Біз онда анамыз екеуміз тұрамыз, басқа мұрагерлер жоқ. Ресми түрде олар үйленбеген, алайда өмір бойы бірге өмір сүрді. Тіпті менің туу туралы куәлігімде де әкемнің аты көрсетілмеген. Мен мұраны өз атыма ресімдеу үшін нотариалдық кеңсеге жүгінген кезде, нотариус заң бойынша мұраға құқылы куәлікті беруден бас тартты. Нотариус маған әке-шешімнің туыстық қарым-қатынас фактісін анықтау туралы шағыммен сотқа жүгіну керектігімді түсіндірді. Нотариустың айтуы дұрыс па? 10 наурыз 2016, 00:00 3 111 рет қаралды