Атырау, 26 желтоқсан 01:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

​АМӨЗ маңы қауіпті

3 069 просмотра

– АМӨЗ жанында көлік қоюға арналған кең алаң бар. Алайда олар қоршалған және зауыт күзеті ол жерге көлік қоюға рұқсат етпейді. Зауыт алдындағы алаңға да көлік қоюға болмайды. Күзетшілер зауытқа келушілерді көліктерін жол жиегіне қалдыруға мәжбүрлейді. Ол жер лайсаңда аяқ алып жүргісіз балшық және бос жер табу өте қиын. Көлікті зауыттан едәуір қашықтыққа қалдырып, содан соң жаяу жол жиегімен баруға тура келеді. Өйткені, бұл жерде жаяу жүргінші жолы жоқ. Келушілерге арнайы бөлінген орынға не себепті көлік қоюға тыйым салған?

azh.kz сайтынан

Сұраққа «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Қайрат ОРАЗБАЕВ жауап берді:

– Атырау МӨЗ-і «А» санатындағы өрт және жарылыс қаупі бар кәсіпорын, стратегиялық маңызды нысан болып табылады және зауыт күзеті мен қауіпсіздігіне үлкен көңіл бөлінеді. «“Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №14 қаулысының негізінде зауыттың бүкіл бақылау-өткізу қосындары мен оған іргелес жатқан аумақ өрт сөндіру және апаттан құтқару техникасы өту үшін бос болу керек. Өту орнының қасындағы қоршалған аумақ төтенше жағдай туындаған жағдайда персоналдарды қауіпсіз жерге көшіру кезінде жиналу орны болып табылады. Осыған байланысты көлік құралдарын орталық өту орнының жанына қоюға тыйым салынған.

АМӨЗ күштерімен көлік құралдарының және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қабдолов пен Әуезов көшелерінің қиылысына бағдаршамдар орнатылғанын, жаяу жүргіншілер өткелі бөлінгенін атап өткен жөн.

Кәсіпорынды жаңғыртуға байланысты АМӨЗ-дің көлік тұрағында мердігер компаниялардың көліктері орналасқан және келушілердің көлігіне арналған бос орындар жетіспейтіндігі байқалады. 2016 жылдың қазанындағы жаңғыртудан кейін зауыт тұрақтарында келушілердің көлігіне арналған бос орынды едәуір көбейту жобаланып отыр.

31 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.