Атырау, 6 мамыр 07:02
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Орынсыз талап

2 126 просмотра

Банкке жұмысқа орналасқан кезде менен сауалнама толтырып, ата-анам мен балаларымның мекен-жайын көрсетуді өтінді. Жұмыс берушінің талабы заңды ма?

Телефон арқылы

Сұраққа «Слово Защиты» адвокаттық кеңсесінің адвокаты Татьяна МОХНАЧЕВА жауап берді:

– ҚР Еңбек Кодексінің 32-бабының 1-тармағына сәйкес, еңбек шартын жасау үшін мынадай құжаттар:

1) жеке куәлiк немесе паспорт (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн туу туралы куәлiк) қажет.

2) оралмандар жергілікті атқарушы органдар берген оралман куәлігін ұсынады;

3) тұруға ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;

4) тиісті білімді, машық пен дағдыны талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;

5) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);

6) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, осындай куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін) қажет.

Осы баптың 2-ші және 3-ші баптарында еңбек шартын жасау үшін кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласында еңбек шартын жасасу үшін адам (адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады делінген.

Бұдан басқа, егер сіз қоса атқаратын жұмысқа орналасатын болсаңыз, негізгі жұмыс орны бойынша еңбектің сипаты мен шарттары (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары) туралы анықтама ұсынуға тиіссіз. ҚР Еңбек Кодексінің осы бабының 6-тармағында жұмыс беруші ҚР заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында

көзделмеген құжаттарды талап етуге құқылы еместігі көрсетілген.

Осылайша, бұл жағдайда жұмыс беруші ата-анасы мен балаларының жеке мәліметтерін, сонымен қатар, олардың мекен-жайын сұрауға құқылы емес. Өйткені, ҚР Еңбек Кодексінің нормаларында мұндай әрекеттер қарастырылмаған.

21 шілде 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.