Атырау, 5 желтоқсан 07:45
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Кәріз көлшіктері

2 565 рет қаралды

«Тамаша» сауда орталығының маңында үнемі кәріздік ағын сулардан көлшік жиналып қалады. Бұл біреулерді алаңдата ма, әлде тек мені ме?

Анарбек Абдуллин

Сұраққа «Атырау су арнасы» КМК жауап берді:

– Нөсер жауын салдарынан кәріз жүйесіне еріген қар және жаңбыр сулары ақты. Қала көшелерінен шығарылатын сулар қалалық кәріз жүйесіне құйылды. Қаланың бүкіл оң жақ жағалауындағы сулар жиналған «Тамаша» сауда орталығы маңындағы №18 бас кәріздік сорғы станциясы шамадан тыс жүкпен жұмыс істеді. Осы себепті «Тамаша» сауда үйі маңында орналасқан Сәтпаев даңғылының бойындағы №39 және №41 тұрғын үйлердің аумақтары суға кетті.

2016 жылдың 1 сәуірінде «Атырау Су Арнасы» КМК қызметі Сәтпаев даңғылы бойындағы №39 және 41 тұрғын үйлердің аумағынан жауын суларын тартып шығару жұмыстарын орындады. Зардаптары жойылып, суға кеткен жерлерге залалсыздандыру жүргізілді.

28 сәуір 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.