Атырау, 23 маусым 21:38
 дождьВ Атырау +27.9
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59

Қазақстанда

Қарулы Күштерде кенеттен оқу-жаттығу басталды Қазақстанда

Қарулы Күштерде кенеттен оқу-жаттығу басталды

2016 жылғы 7 қарашада Елбасы - ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Қорғаныс министрі ҚР ҚК десанттық-шабуылдау әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдерін дабыл бойынша көтеріп, жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап. Сурет 8 қараша 2016, 10:55 3 026 рет қаралды
Қазақстан Президенті Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді Қазақстанда

Қазақстан Президенті Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Синдзо Абэ екі ел ынтымақтастығының ауқымды мәселелерін, соның ішінде саяси өзара іс-қимыл, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастың жайын талқылады,- деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 8 қараша 2016, 10:11 3 307 рет қаралды
Төлеген Төлешовтің адвокаты: «Ол мемлекетке ешқандай айыппұл төлемейді» Қазақстанда

Төлеген Төлешовтің адвокаты: «Ол мемлекетке ешқандай айыппұл төлемейді»

Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бүгін 21 жылға бас бостандығынан айырылған Тоқтар Төлешовтің ұлы Төлеген Төлешовті сот залынан босатты,- деп хабарлады Қазақпарат. 7 қараша 2016, 16:42 2 988 рет қаралды
Келесі жылдан бастап Қазақстан мен Жапония шенеуніктері визасыз жүреді Қазақстанда

Келесі жылдан бастап Қазақстан мен Жапония шенеуніктері визасыз жүреді

ҚР Сыртқы істер министрлігінде келесі жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан мен Жапонияның дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелерін визалық талаптардан босату туралы вербалды нотамен алмасу рәсімі өтті, деп хабарлайды primeminister.kz. 7 қараша 2016, 14:23 2 884 рет қаралды
Екі банктің депозит ашуға берілген лицензиясы тоқтатылды Қазақстанда

Екі банктің депозит ашуға берілген лицензиясы тоқтатылды

Қазақстан Ұлттық банкі бүгін "Қазинвестбанк" пен Delta bank банкіне жеке тұлғаларға есепшот және депозит ашуға берген лицензиясын тоқтатты. Ұлттық банк сайтындағы ақпаратқа қарағанда, лицензия екі ай мерзімге тоқтатылған. Ұлттық банк лицензия екі банктің банк заңнамаларын бұзғаны үшін және ішкі қадағалау жүйесін жақсарту мақсатында тоқтатылғанын айтты,- деп хабарлады Азаттық. 7 қараша 2016, 14:20 2 515 рет қаралды
"Алматы Тауэрс" ғимаратында өрттен кейін төрт адамның мәйіті табылған Қазақстанда

"Алматы Тауэрс" ғимаратында өрттен кейін төрт адамның мәйіті табылған

"Алматы Тауэрс" ғимаратында өрттен кейін төрт адамның мәйіті табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бейнежазба 7 қараша 2016, 14:12 2 281 рет қаралды
Комитет төрағасы параға алған қаражатқа жаңа джип сатып алған  Қазақстанда

Комитет төрағасы параға алған қаражатқа жаңа джип сатып алған

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы С. Хасенов Қазақстан аумағына ет өнімдерін әкелуге рұқсат бергені үшін ай сайын пара алып отырған,- деп хабарлады Қазақпарат. 7 қараша 2016, 10:43 2 809 рет қаралды
Оңтүстік Корея әуежайында бір топ қазақстандықты әуежайдың жертөлесіне қамап қойған Қазақстанда

Оңтүстік Корея әуежайында бір топ қазақстандықты әуежайдың жертөлесіне қамап қойған

Оңтүстік Кореядағы Инчхон әуежайында бір топ қазақстандықты әуежайдың жертөлесіне қамап қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жәбірленушілердің бірі - шымкенттік Руслан Садықзаде. 7 қараша 2016, 10:25 1 680 рет қаралды
Баян Мақсатқызы: Мен кешірдім, заң кешірмеді Қазақстанда

Баян Мақсатқызы: Мен кешірдім, заң кешірмеді

Кеше Бақытбек Есентаевқа қатысты сот үкімі шыққан болатын. Жары Баянның кешіріміне қарамастан, сот үкімі қатал болды. Оған сәйкес, әйелін қан-жоса қылып ұрып, бірнеше жерінен пышақтағаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң колонияда өтеуге міндеттелді. Осы жазаға қатысты Баян Мақсатқызы әлеуметтік желі арқылы жеке пікірін білдірді, деп хабарлайды Baq.kz. 4 қараша 2016, 11:03 3 030 рет қаралды
Головкин болмағанда боксқа қайтып келмейтін едім - Пакьяо  Қазақстанда

Головкин болмағанда боксқа қайтып келмейтін едім - Пакьяо

Әлемге «Пакмэн» лақап атымен танымал филиппиндық бокшсы Мэнни Пакьяо боксқа қайтып келудің себебін айтты. Оның сөзіне қарағанда, бұл шешімге жерлесіміз Геннадий Головкиннің соңғы жекпе-жегі түрткі болды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 4 қараша 2016, 10:57 2 396 рет қаралды
Жаманқұлов өз кінәсін толықтай мойындады Қазақстанда

Жаманқұлов өз кінәсін толықтай мойындады

Қазақстандық белгілі актер әрі продюсер Тұңғышбай Жаманқұлов "Феникс" фильміне бөлінген қаражатты жымқырғанын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдеріне сілтеме жасап. 4 қараша 2016, 09:47 3 313 рет қаралды
Илья Ильин - Маған қатысты ресми xат әлі келген жоқ Қазақстанда

Илья Ильин - Маған қатысты ресми xат әлі келген жоқ

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин ұлттық және штаттық командалар дирекциясының кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Осыған орай, бүгін танымал спортшыны Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының өзі қабылдап, Президенттің сәлемін жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 3 қараша 2016, 16:55 2 278 рет қаралды
Есентаеваның күйеуі 9 жылға сотталды Қазақстанда

Есентаеваның күйеуі 9 жылға сотталды

Белгілі продюсер Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаев сотта соңғы сөзін сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот процесі жабық түрде өтіп жатыр, себебі іс материалдарында интимдік детальдар бар. 3 қараша 2016, 14:40 3 642 рет қаралды
Жоғарғы сот «Жас Алаш» газетінен өндірілетін моральдық шығын сомасын Т40 млн-нан Т5 млн-ға дейін төмендетті Қазақстанда

Жоғарғы сот «Жас Алаш» газетінен өндірілетін моральдық шығын сомасын Т40 млн-нан Т5 млн-ға дейін төмендетті

Алматы. 3 қараша. ҚазТАГ – Жоғарғы сот «Жас Алаш» газетінен ине салу терапевті Жасан Зекейұлының пайдасына өндірілетін моральдық шығын сомасын Т40 млн-нан Т5 млн-ға дейін төмендетті, деп хабарлады «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорынан. 3 қараша 2016, 11:24 2 534 рет қаралды
Тұңғышбайды куәгер ретінде шақырған болатын - Жаманқұловтың жұбайы Қазақстанда

Тұңғышбайды куәгер ретінде шақырған болатын - Жаманқұловтың жұбайы

Танымал актер, продюсер Тұңғышбай Жаманқұловтың жұбайы - Дария Әбдумәлікқызы жолдасының қаражат жымқыруы мүмкін дегенге сенбейді. Оның айтуынша, Жаманқұлов осы фактіге қатысты куәгер ретінде шақырылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 3 қараша 2016, 10:36 2 647 рет қаралды
2019 жылдан бастап баланы 6 жастан мектепке беру міндеттеледі – БҒМ Қазақстанда

2019 жылдан бастап баланы 6 жастан мектепке беру міндеттеледі – БҒМ

«Білім туралы» ҚР заңының 31-бабына сәйкес 2019 жылдан бастап бала 6 жасында мектепке баруға міндетті болады. Бұл тәжірибе дамыған елдерде кеңінен қолданылуда. Сондай-ақ, 12 жылдық білім беру жүйесі «0 сынып (мектепалды даярлық)+11 сынып» принципі бойынша енгізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жаңартылған білім мазмұны мен 12 жылдық білім беруге көшу» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Зейнеп Мақсұтова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz. 3 қараша 2016, 10:25 3 572 рет қаралды
Қазақстандық актер Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталды Қазақстанда

Қазақстандық актер Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражаттың жымқырылғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2 қараша 2016, 22:57 4 276 рет қаралды
Мұғалімдерге ағылшын тілі кезең-кезеңімен оқытылады – БҒМ Қазақстанда

Мұғалімдерге ағылшын тілі кезең-кезеңімен оқытылады – БҒМ

Елімізде үштілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін ҚР Білім және ғылым министрілігі мұғалімдерді 2019 жылға дейін оқытады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жаңартылған білім мазмұны мен 12 жылдық білім беруге көшу» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Зейнеп Мақсұтова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz. 2 қараша 2016, 16:24 2 934 рет қаралды