Атырау, 3 маусым 02:19
 дождьВ Атырау +13.6
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Қазақстандық актер Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталды

4 244 рет қаралды

Фото: Ratel.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражаттың жымқырылғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеудің мәліметінше, "Қазақфильм" АҚ-ның "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ға фильмнің өндірісіне 79 миллион теңге бөлгені анықталған. "Оның 69 миллион теңгесін картина продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов жымқырған. Ол - "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ның құрылтайшысы", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қаражаттың қосалқы мердігерлік ұйымдарда қолма-қол ақшаға айналдырылып, Тұңғышбай Жаманқұловқа берілгені айтылады.

Сонымен қатар, қаражат жымқыруға "Қазақфильм" АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Г.Ысқақованың және фильмнің атқарушы продюсері Н.Юдинаның қатысы бар екені дәлелденгені хабарланып отыр. Айта кетейік, олар соттың санкциясымен қамауға алынған болатын.

Тұңғышбай Жаманқұловтың бүгін, 2 қарашада ұсталғаны белгілі болды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

2 қараша 2016, 22:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.