Атырау, 13 қазан 13:18
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Украина әскеріне қарсы соғысқан ақтөбелік жігіт сотталды

1 973 просмотра

Фото: ratel.kzАқтөбеде Украина әскеріне қарсы соғысты деген айыппен ұсталған Максим Ермоловқа қатысты сот үкімі шықты,- деп хабарлады Baq.kz.

Донецкіде болып жатқан бүліктің бел ортасында жүрген ол 2015 жылға дейін сепаратистердің түрлі тапсырмасын орындапты. Айыпталушы бүгін сот алдында соңғы сөзін сөйледі.

«Егер сот мені кінәлі деп таныса не істей аламын? Бірақ, мен ол жақта соғысқа қатысқан жоқпын, тек xалыққа гуманитарлық көмек көрсеттім», - дейді айыпталушы Максим Ермолов.

Дегенмен, мемлекеттік айыптаушы оның сол жақтағы соғысқа қатысқаны туралы украиналық «Миротворец» сайтында жарияланғандығы және Донбастағы әскери бөлімнен әскери билеттің де берілгендігін дәлел ретінде келтірген болатын. Прокурор соттан Ермоловты ҚР Қылмыстық кодексінің 172 бабымен кінәлі деп танып, 4 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда сот бүгін Ермоловқа 3 жыл беріп, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге шешім шығарды.

Дереккөз: Baq.kz

8 қараша 2016, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.