Атырау, 13 қаңтар 18:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

Екі банктің депозит ашуға берілген лицензиясы тоқтатылды

2 469 рет қаралды

Қазақстан Ұлттық банкі бүгін "Қазинвестбанк" пен Delta bank банкіне жеке тұлғаларға есепшот және депозит ашуға берген лицензиясын тоқтатты. Ұлттық банк сайтындағы ақпаратқа қарағанда, лицензия екі ай мерзімге тоқтатылған. Ұлттық банк лицензия екі банктің банк заңнамаларын бұзғаны үшін және ішкі қадағалау жүйесін жақсарту мақсатында тоқтатылғанын айтты,- деп хабарлады Азаттық.

Ұлттық банк бұл лицензияның бұған дейін ашылған депозиттер мен банктің осыған дейін тартқан клиенттеріне және заңды тұлғаларға депозит ашуына қатысы жоғын айтады.

2016 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша, "Қазинвестбанктегі" жеке тұлғалар ашқан депозит көлемі 16 миллиард теңге (47 миллион доллар), Delta bank-тегі жеке тұлғалардың депозиті 11,5 миллиард теңге (33 миллион доллар) болған.

Ұлттық банк мәліметіне қарағанда, 2016 жылдың қыркүйегіндегі мәлімет бойынша, барлық екінші деңгейдегі банкте жеке тұлғалардың депозитке салған қаржысы жеті триллион теңгеден (21 миллиард доллар) асқан.

Дереккөз: Аzattyq.org

7 қараша 2016, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.