Атырау, 23 маусым 20:22
 дождьВ Атырау +30
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59

АҚШ-тағы тұрғын үй кешенінің құлауы жүзге жуық адамның өмірін қиды

90 рет қаралды

2021 жылғы 24 маусымда Майами маңындағы Серфсайд қаласында орналасқан Champlain Towers South тұрғын үй кешенінің құлауы 98 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды АА.

ABC News-тің хабарлауынша, АҚШ Ұлттық стандарттар және технологиялар институтының (NIST) тергеуі апаттың себептерін анықтады. 

Мамандардың айтуынша, 2021 жылдың маусым айының басында конструкциядағы ақаулар мен коррозия салдарынан гараж бағаналары мен бассейн плитасы арасындағы қосылыстар сыр берген. Осыдан кейін ғимараттың ішкі құрылымында жасырын деформациялар күшейіп, бетон плиталарда жарықтар пайда болған.

Апат таңғы уақытта орын алып, 1981 жылы салынған 13 қабатты кешеннің 270 пәтері қирады. Бұл оқиға АҚШ тарихындағы ең ауыр құрылыс апаттарының бірі ретінде есте қалды.

Бүгін, 19:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.