Атырау, 20 сәуір 03:45
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Төлеген Төлешовтің адвокаты: «Ол мемлекетке ешқандай айыппұл төлемейді»

2 485 просмотра

Фото: Фото: vk.com

Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бүгін 21 жылға бас бостандығынан айырылған Тоқтар Төлешовтің ұлы Төлеген Төлешовті сот залынан босатты,- деп хабарлады Қазақпарат.

Төленген Төлешовті əуел баста бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкімді оқыған судья Ербол Ахметжанов: "ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабына сəйкес, оның жазасы шартты мерзімге ауыстырылсын. Төлеген Төлешовке қатысты бес жыл пробациялық бақылау тағайындалсын", - деді соңғы үкімді оқи отырып.

Судьяның шешіміне сəйкес, Төлеген Төлешов уәкілетті мемлекеттік органдарды ескертпестен, тұрғылықты жерін жəне жұмысын ауыстыра алмайды. "Төлеген Төлешов үкім заңды күшіне енген соң 10 күннен кейін тұрғылықты мекенжайындағы пробация қызметіне келіп, тізімге тұруға міндеттеледі. Үкім заңды күшіне енгенге дейін Төлеген Төлешовке қатысты орындалған қамау жазасы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа ауыстырылсын. Төлеген Төлешов сот залынан босатылсын", - деді Е.Ахметжанов.

Тоқтар Төлешовтің ұлы Қылмыстық кодекстің 296-бабы, 2-тармағы; 187-бабы 4-тармағы, 407-бабы 3-тармағы бойынша айыпталған. Сот аяқталған соң, Төлеген Төлешовтің қорғаушысына журналистер сұрақ қоюға тырысқанымен, адвокат комментарийден бас тартты. "Оны сот залынан босатты. Тоқтар Төлешов туралы оның өзінен сұраңыздар. Мен оның ұлы Төлегеннің қорғаушысымын. Төлеген Тоқтарұлын сот залынан босатты. Ешқандай айыппұлсыз. Шартты түрде бас бостандығынан айырды. Тергеу органдарына қажет болған соң, оның аты бұл істе жүр",-дейді кіші Төлешовтің адвокаты Игорь Сперединов.

Дереккөз: Қазақпарат

7 қараша 2016, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.