Атырау, 3 мамыр 16:00
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Жоғарғы сот «Жас Алаш» газетінен өндірілетін моральдық шығын сомасын Т40 млн-нан Т5 млн-ға дейін төмендетті

2 253 просмотра

Алматы. 3 қараша. ҚазТАГ – Жоғарғы сот «Жас Алаш» газетінен ине салу терапевті Жасан Зекейұлының пайдасына өндірілетін моральдық шығын сомасын Т40 млн-нан Т5 млн-ға дейін төмендетті, деп хабарлады «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорынан.

«2 қарашада ҚР Жоғарғы сотында «Жас Алаш» газетінің редакциясының, оның бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлының, журналист Меруерт Тұрысбекованың және азаматша Гулия Әлихан қызының (...) шағымы бойынша қадағалау коллегиясының отырысы болып өтті. Төрағасы А.А. Касымова, судьялар Т.Е. Ибрашева мен Е.Ж. Исмаиловалар бар қадағалау коллегиясы моральдық шығын сомасын 5 млн теңгеге дейін төмендету туралы қаулы етті. Сол қаулымен жауап берушілер қатарынан Әлихан Әлібек пен Мұқан Кабен шығарылып тасталды», - делінген бейсенбі күнгі хабарда.

Бұл ретте газеттің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы моральдық шығын ретінде Ж. Зекейұлына өтемақы төлеу туралы сот шешімін толығымен бұздыруға қол жеткізбекші.

«Рысбек Сәрсенбайұлы толығымен жеңіске жету ниетімен бас прокуратураға арыз дайындап жатыр», - делінген хабарда.

Бұрын хабарланғандай, 2015 жылы 1 қазанда «Жас-Ай» тибет медицинасының орталығының жетекшісі Жасан Зекейұлы 2015 жылы 13 мамырда газет жариялаған «Академик отбасымен соттасып жүр» деген мақала оның беделіне нұқсан келтіреді

деп есептеп, «Жас Алаш» газетін 6 айға тоқтатуды және моральдық шығын ретінде Т400 млн өндіріп беруді талап етіп, сотқа шағым түсірген.

«Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының мәліметтерінше, даулы болған мақала толығымен құқыққорғау және мемлекеттік орган құжаттарына және сот қаулыларына негізделген, оның ішінде ҚР Жоғарғы сотының құжаттарына да негізделіп жазылған.

Газет тарапынан да бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы мен оның екі орынбасары Әмірхан Мендеке мен Ерік Рақымдар іскерлік беделі мен ар-ожданын қорғау туралы Жасан Зекейұлының Facebook парақшасында газеттің редактор орынбасарлары парақорлар, кімдерге күйе жағып, қараласақ екен деп жүреді деп жариялағаны үшін қарсы шағым берген болатын.

2015 жылғы 13 қарашада Алматы қаласының №2 Алмалы аудандық сотының судьясы А.Бейсеуова қарсы шағымды қараудан бас тартып, «Академик отбасымен соттасып жүр» деген мақала шындыққа жанаспайды деп шешіп, оны теріске шығару туралы мақала жариялауды талап етіп және моральдық шығын ретінде Т40 млн төлеу туралы шешім шығарды.

Дереккөз: ҚазТАГ

3 қараша 2016, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.