Атырау, 23 маусым 19:43
 дождьВ Атырау +30
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59

​Атырау облысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға 30 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

85 рет қаралды

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті өңірдегі 40 табиғи монополия субъектісінің қызметін қадағалайды. 

Олардың қатарында су, жылу, электр, газбен жабдықтау және кірме жолдар саласында жұмыс істейтін мекемелер бар.

23 маусымдағы жағдай бойынша тарифтерді бекіту мен бағаларды келісуге қатысты 69 өтінім қаралған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте департамент бөлім басшысы Жанар Дәрібаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жалғасуда. Мәселен, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК инвестициялық бағдарламасы бойынша 6,7 млрд теңгеге төрт кәріз-сорғы стансасын қайта жаңғырту жоспарланған. Ал «Атырау Жарық» ЖШС-нің 23,8 млрд теңгелік жобасы аясында облыстың бірнеше ауданында электр желілері жаңартылады.

Сонымен қатар департамент коммуналдық саладағы цифрландыруға баса назар аударып отыр. Қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Монополист» электрондық деректер базасы және бірқатар цифрлық платформалар қолданысқа енгізілген.

Цифрландыру тариф қалыптастыру мен инвестициялық жобаларды іске асыру үдерістерінің ашықтығын арттырып, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту барысын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Бүгін, 18:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.