Атырау, 13 қаңтар 18:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

Комитет төрағасы параға алған қаражатқа жаңа джип сатып алған

2 762 рет қаралды

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы С. Хасенов Қазақстан аумағына ет өнімдерін әкелуге рұқсат бергені үшін ай сайын пара алып отырған,- деп хабарлады Қазақпарат.

Тергеу С. Хасенов пен оның сенімді адамы Е. Решетько ай сайын кәсіпкерлердің Қазақстанға әкелінетін өнімнің әр келісіне ақы төлеуіне тура келген белгілі бір сома белгілеп отырғанын анықтады.

С. Хасеновтің заңсыз қамқорлығымен осы жылғы наурыз бен қазан аралығында ел аумағына 7,4 мың тоннадан астам құс еті әкелінген. С. Хасенов пен Е. Решетько алған пара көлемі 37 млн теңгеге жеткен. Қылмыстық жолмен келген ақшаны С. Хасенов өз қажетіне жұмсаған. Оның ішінде осы жылы қазанда салоннан 2016 жылы шыққан Toyota Land Cruiser 200 көлігін сатып алған.

Қазір ол сот санкциясымен тұтқындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, 4 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы пара алды деген айыппен ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасеновті ұстаған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат


7 қараша 2016, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.