Қоғам Балабақшадан үмітті әлі жеті мың бала бар 2010 жылы Қазақстанда «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында мектепке дейінгі балалар үшін 88,5 мың орын дайын болды, осылайша, балабақшамен қамту 41,6%құрады. Бұл мәліметтерді ҚР Ғылым және білім беру министрлігінің алқа мәжілісінде министр Бақытжан Жұмағұлов жария етті. Оның баяндамасында Атырау облысы мектепке дейінгі мекемелерде балаларды орынмен қамту жоспарын толығымен орындады деп атап өтілді. 17 ақпан 2011, 00:00 4 244 просмотра
Қоғам Қар күреген арулар Сейсенбі күнгі төпете жауған қар көше тазалаушылар үшін уайым бола қойған жоқ. «Әрине, ол ауыр жұмыс, оның үстіне оған күннің күрт суытуы дөп келді. Қолдың бұлшық еттері де сырқырайды,-дейді күректің сабына шынтақтай сүйенген, керемет әдемі Лала есімі бар қарақалпақ қызы. – Бірақ, наурыз айының басында негізгі еңбекақымызға осы қар жауған күндердегі еңбегіміз үшін сыйақы беретіндігі есіме түскенде көңілім шаттанғандай болады». 17 ақпан 2011, 00:00 4 297 просмотра
Қоғам Бүлдіршін екпеден соң көз жұмды Мақат аудандық сотының тәжірибесінде алғаш рет медицина қызметкеріне қатысты бас бостандығынан айыру жөніндегі үкім шығарылды. Фельдшер М.Айтуаров бір жыл бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды. 17 ақпан 2011, 00:00 6 809 просмотра
Мәдениет Сахна сыртындағы шебер Көрермен үшін театр киім ілгіштен басталады, ал актер үшін грим жасау бөлмесінен басталатын шығар. Махамбет атындағы облыстық драма театрының қуыс-қуыс түкпірінде орналасқан осы бөлмедегі төрт трюмоның алдында актерлар қалпақтарын киіп, сақал-мұрттар жапсырып, әбігерге түскен. Қыздар жағы сәнді шаштарына жасанды ұзын бұрымдарын өрсе, ал беттеріне грим жасалған басқалары ешкімге көңіл аудармастан домбыраларын дыңғырлатып жатыр. 17 ақпан 2011, 00:00 9 443 просмотра
Қоғам Өркениеттен тыс тіршілік Ақпан айы нағыз қыс екенін танытты. Қалада жаңбыр жауса, ал далалық ақ көрпеге оранып жатты. Осындай мазасыз күндері қыстақтардағы шаруалардың жағдайы не болып жатыр деген қызығушылықпен Индер ауданы Елтай селосының қырлығына шыққанбыз. 17 ақпан 2011, 00:00 7 577 просмотра
Оқиға Қылмыстық кодекстегі өзгерістер 5-ші ақпанда «Қылмыстық заңнамаларды әрі қарай ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылық кепілдіктерді күшейту мәселелері бойынша кейбір ҚР заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді. Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінде қандай өзгерістер болғандығын әңгімелеп беруді адвокат Нұрлан ЖОЛБОЛОВТАН өтінген едік. 17 ақпан 2011, 00:00 6 193 просмотра
Басқа жаңалықтар Анасының қабірінде көз жұмған Әйелдер колониясының жоғалып кеткен қызметкері табылды. 17 ақпан 2011, 00:00 2 773 просмотра
Қоғам Отандық телеарналардың теңдікке қолы жете ме? Таяу жылдарда қазақстандық телекөрермендерге отандық телеарналармен оңаша қалатын күн тумақшы. Криминалды НТВ, «белден төменгі» әзілі бар ТНТ және төсек сахналарына еш қымсынбастан қатысатын, бірін-бірі төмпештеп жататын актерлары бар фильмдер енді кабельдік телеарналар желісінен алынып тасталынады. Мұның несі жаман? Әрине ештеңесі де. Алайда, осындай тәсілмен байланыс және ақпарат министрлігі «Хабар» мен «Қазақстан» және басқа телеарналардың рейтингісін көтеруді жоспарлап отыр. 17 ақпан 2011, 00:00 3 511 просмотра
Экономика Тарифтер тағы құбылды Бейсенбі күні Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің алқа мәжілісі болып өтті. 17 ақпан 2011, 00:00 3 386 просмотра
Қоғам Кедейліктен құтылудың жаңа бағдарламасы Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында «Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» жобасының таныстырылымы болып өтті. 17 ақпан 2011, 00:00 2 532 просмотра
Қоғам «Бота» - үміт отын жағады «Бота» қоғамдық қоры міне, үшінші жыл тұрмысы төмен отбасылардың балаларының оқу ақысын төлеуге қаржы бөліп келеді. 7 ақпанда құжаттарды қабылдаудың жаңа кезеңі басталды. 17 ақпан 2011, 00:00 3 595 просмотра
Қоғам Мұнайшылар жаңа ұжымдық келісім-шартқа қол қойды Таяу күндері «Барлау Өндіру ҚазМұнайГаз» компаниясының «Ембімұнайгаз» жєне «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалдарының ұжымдары 2011-2013 жылдарға жұмыс берушілермен ұжымдық келісім-шартқа қол қойды. 17 ақпан 2011, 00:00 2 951 просмотра
Басқа жаңалықтар Енді тұрбалар таттанбайды 15-ші ақпанда Атырау полиэтилен тұрбалары зауытында композитті металл-пластик тұрбаларды шығаратын екі желі іске қосылды. 16 ақпан 2011, 00:00 3 479 просмотра
Экономика Ет қымбаттауына ауа-райы себеп болған ба? Демалыс күндеріне қарай «Дина» базарында сиыр етінің бір келісінің бағасы 1500 теңгеге дейін шарықтап кетті. Ал облыстық әкімдіктің резервіндегі арзандатылған картоп сататын сөрелер босап қалды. Базар ішінде біздің қорымызды сатып алушы басқа облыстың алыпсатарлары жөнінде қауесет жүріп жатты. 16 ақпан 2011, 00:00 3 338 просмотра
Қоғам Әкімдік D аралындағы дауды реттеді «Кейп» компаниясы жұмысшыларының Қашаған теңіз кенішіндегі жұмыс берушілерге қатысты еңбек дауы мемлекеттік органдар араласқаннан кейін тоқтатылды. 16 ақпан 2011, 00:00 2 701 просмотра
Қоғам Балабақша ақысы 8 мың теңге болды 1-ші ақпаннан бастап балабақшалардағы орын үшін төлемақы 25 пайызға өсті. Бұған азық-түлік бағаларының өсуі себеп болып отыр. Қалалық білім беру бөлімінің «Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі төлемақыны өзгерту туралы» бұйрығында айтылғандай, «үйлестірілген тағаммен қамту мақсатында» төлем енді 8000 теңге құрайды (бұған дейін 6 мың теңге болған). 16 ақпан 2011, 00:00 10 016 просмотра
Қоғам «Болашақтың» болашағы бұлыңғыр Президенттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқытылған түлектерді жұмысқа орналастыру проблемасы бүгінде жоғарғы билікте қызу талқылануда. Мемлекет оған көп ақша жұмсап отыр, ал шетелден білім алып келген жастар өз отандарынан жұмыс таба алмай жүр деген мәжілісмендер бұл бағдарламаға күмән келтіріп отыр. Мұндай сын баяғыдан айтылып жүр. Бұрын «болашақтағылар» шетелде тұрақтап қалады, ал өз елдерінде отандық кәсіпорындардан гөрі трансұлттық компанияларда жұмыс жасағанды жөн көреді деп бағдарламаға мін тағылған болатын. 16 ақпан 2011, 00:00 4 367 просмотра
Оқиға Облыс прокуроры Б.Сматлаев: «Шарифолла Сайфуллин есірткі және қару-жарақпен қолға түсті» Біздің тілшіміз Л.Гузиковтің сауалдарына Атырау облысының прокуроры Бауыржан СМАТЛАЕВ жауап береді. 16 ақпан 2011, 00:00 5 602 просмотра
Қоғам «Ұлы көштен» қайыр көрмеген қошқарлықтар Экологиялық және әлеуметтік проблемаларына байланысты қоныс аударған Мақат ауданының Комсомол, Бек Бике, Қошқар ауылдары көшінің соңы айқай-шуға ұласты. Көшірілген ауылдардың бірі Қошқар кентінің 11 отбасы мына қақаған қыста баспанасыз тентіреп жүр. Облыстық әкімдіктегілер олардың шынымен үйсіз жүргеніне күмәнмен қарайды. 10 ақпан 2011, 00:00 4 681 просмотра
Қоғам Шетелде тегін оқуға жолдама берілетінін білесіз бе? Жыл сайын облыстық әкімдік жанынан құрылған қор тарапынан мектеп бітірген түлектерге шетелде тегін оқуға жолдама берілетінін көпшіліктің біле бермейтіні рас. Мұндай мүмкіндікке қол жеткізу үшін жас түлек қандай талаптарды орындауға тиісті? Бұл жайында біз облыс әкімдігінің аппарат жетекшісі Асқар КЕРІМОВТЕН білмек болдық. 10 ақпан 2011, 00:00 8 492 просмотра
Басқа жаңалықтар №2 емханадан балалар бөлімшесі ашылады Бұрын тек ересек тұрғындарға қызмет көрсететін №2 қалалық емханадан кешікпей балалар бөлімшесі ашылмақ. 10 ақпан 2011, 00:00 2 729 просмотра
Қоғам Дәрігерлер қызметі оnline бақылауында Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ «АЖ» газетіне Денсаулық сақтау министрлігінің емханаларда көрсетілетін қызмет сапасын қалай бақылайтындығы туралы әңгімелеп берді. 10 ақпан 2011, 00:00 3 218 просмотра
Қоғам Емхана таңдау мүмкіндігі шектеулі Осыдан екі жыл бұрын енгізілген Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі өзінің таусылмас олқылықтарымен әлі де таңдандырып келеді. Ал, кейбір жаңалықтардың жағымсыз тұстары да бар. 10 ақпан 2011, 00:00 5 467 просмотра
Қоғам Экс-жезөкшелердің жаңа қызметі - Ой, мен жеңіл жүрісті кәсіп қылып боп жүрген кезімде не болмады дейсің... – деп әңгімесін бастады Зарина қалың кекілін сілкіп жіберіп. – Қалай болғанының бәрін айтып беремін, тек сіз мені суретке түсіріп алмаңыз. Өзіңіз де түсінесіз ғой, мені суреттемеңіз де... Заринаның жанында өзін Лена тәтеймін деп таныстырған тағы бір әйел отырды. Ол сағатпен пәтерді жалға береді екен. «Журналист танысың болған қандай жақсы, - деп көзін қысып қойды тәтей. – Сонымен нені білгіңіз келеді? – деді аяғын айқастырған ол.- Сұрақтарыңды айта ғой...». Ал жалпы, бастапқыда менің мақаламның тақырыбы «СПИД орталығының достық кабинеті» деген болатын. Сонымен... 10 ақпан 2011, 00:00 25 514 просмотра
Басқа жаңалықтар Облтрансгаз орын ауыстырды Куйбышев атындағы мектеп ғимаратына «ОблТрансГаз»КМК орналасатын болады. 10 ақпан 2011, 00:00 3 200 просмотра