15 тамызда Атырау облысында полицейлердің 9 күндік «Борышкер» операциясы басталды.
ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел-алдын алу шарасына сот орындаушылармен бірлескен полицияның бүкіл қызметі жұмылдырылды. Мақсат – жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлдар бойынша қарыздарды өндіріп алу.
Рейд кезінде жол-патрульдік қызметкерлер жүргізушінің құжаттары мен техникалық төлқұжаттарын борышкерлер туралы дерекқормен салыстырып, жүргізушіні (немесе көлік иесін) «қара тізімінен» анықтаған жағдайда көлік құралы қарызы өтелгенше айыппұл тұрағына қойылады.
15 тамызда жарты күн ішінде 12 борышкердің көліктері алынды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ