14 тамызда шамалы бір үзілістерден соң футбол бойынша Премьер-лигада еліміздің чемпионаты қайта басталды. 2016 жылдың маусымында қол жеткізген ең жоғарғы мәртебе 7-ші орын болып табылатын «Атырау» командасы 23-ші турда қостанайлық «Тобылмен» қонақтар алаңында кездесті.
Бұл күні Қостанайда өте ыстық болды, күннің ыстығы ұтқыр ойын көрсетуге атыраулық футболшыларға ғана емес, олардың қарсыластарына да кедергі келтірді. Кездесуде жерлестеріміз басты, батыл ойындар көрсете алмады, Айтбаев, Дамчевски, Трытко және Кузьмин жарақаттанды.
Бірінші таймда ойын бірқалыпты, ешқандай шиеленіскен сәттерсіз өтті. Екінші таймда да жағдай осылайша өрбіді, тек финал ысқырығына 5 минут қалғанда жағымсыз жағдай орын алды. Біздің жартылай қорғаушымыз Вячеслав ШАРПАР мен «Тобылдың» қорғаушысы Виктор ДМИТРЕНКО ұстасып қалды. Оларды айырған төрешілерге екеуі бір-бірінің қателігін дәлелдеуге тырысты, алайда, төрешілер олардың екеуін де ойыннан шеттетті. Енді Шарпар келесі ойынға қатыспайды. Ал, бұл матч 0:0 есебімен аяқталды.
Марат ТАКУЛИН