Екі аптадан бері өңірімізде күн өте ыстық. Алайда «03» қызметінің қызметкерлерін аса көп шақырту байқалмайды.
- Көбейді, біраз аз, 10 пайызға ғана. Әдетте, өте ыстықта гипертонияға, жүрек-қан тамырлары сырқатына шалдыққан жандарға қиын тиеді, - дейді қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының бас фельдшері Гүлжан ӘУБӘКІРОВА. – Мұндай ауа-райында қала тұрғындары үнемі кондиционер пайдалануға мәжбүр. Соның салдарынан тұмаурату жағдайлары көбейіп кетті. Жылулық соққы және күн тиген жағдайлар тіркелген жоқ.
Әубәкірованың айтуынша, мұндай ыстықта денсаулыққа зиян келтірмес үшін қала тұрғындарына қарапайым алдын алу шараларын сақтау керек. Адамдар қажет болмаса күннің астына шықпауға тырысады, басына бас киім киіп, күннен қорғайтын кремдер пайдаланады. Дәрігерлер күндізгі сағат 12-ден кешкі сағат 18-ге дейін ұзақ уақыт күн астында болмауға, ағзаның сусыздануын болдырмас үшін үнемі өзімен бірге су және басқа да салқындататын сусындар алып жүруге кеңес береді.
- Бүгінде стационарда ӨРВИ мен өткір ішек ауруларына шалдыққан 60 шақты пациент ем алуда, бұл біздің аурухана үшін көп цифр емес. Оның үстіне, бұлар вирустық этиологиядағы инфекциялар, - дейді жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Мұрат ҚҰЛБАСОВ. Оның айтуынша, жаз басталғанда улану көбейген. Қала тұрғындары қарбыз жегеннен кейін қатты ауырып, ауруханаға түскен.
Зульфия ИСКАЛИЕВА