Атыраудағы ыстық тымырсық ауа күн күркілі мен бұршақты қатты нөсерге ауысты. Санаулы минуттарда облыс орталығындағы көп көше лай суларға толды.
«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметінше, Атырауда алдағы екі күнде құбылмалы бұлт пен найзағайлы өткінші жауын жалғасады. Жел екпіні секундына 18 метрге жететін болады. Ауа райының құбылуы бұдан бұрынғы нөсер жауындардан енді ғана ес жиған жеке сектор тұрғындарына көп проблема әкелері анық.
Марат ТАКУЛИН
Суретті және бейнежазбаны түсірген автор