12 тамызда өңірлік коммуникциялар қызметінде облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ақылбек БАЙШАХАНОВТЫҢ қатысуымен брифинг өтті.
Облыста 166 елді мекен бар: 126-сында орталықтандырылған су құбыры (75,9%) бар. 29-да тұрғындар суды жерасты көздерінен, 11-інде - жеткізілетін судан пайдаланады.
Биыл өңірде «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша сумен қамту нысандарын салу жалғасуда. Индер ауданында Аққала, Құрылыс, Ынтымақ ауылдарында су тазарту құрылғылары мен ауылдық су құбыры салынуда, Махамбет ауданының Алға, Алмалы және Исатай ауданының Тұщықұдық ауылдарында су тазарту қондырғылары мен су құбыры жүйелерін қайта жарақтау жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан басқа, Махамбет ауданының Таңдай және Ортақшыл ауылдарында су құбырын қайта жарақтау жұмыстары жүргізілуде.
Қызылқоға ауданының Тайсойған құмдарында тұрғындардың мұқтаждығы үшін жерасты суларын шығаруға арналған ескі 5 ұңғыма іске қосылды. Сағыз селосында су құбырын салу жалғасуда. Мақат ауданының Доссор поселкесінде көтеру сорғы станциясы мен су құбыры салынуда. 2016 жылдың аяғына дейін орталықтандырылған су құбыры бар елді мекендер санын 78 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Исатай ауданының Жасқайрат және Қызылүй ауылдарын сумен қамту бағдарламасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.
Махамбет ауданының Ортақшыл, Сарайшық, Сарытоғай ауылдарындағы жазғы су құбырын салу аяқталды. Махамбет поселкесіндегі ПМК ықшамауданындағы және Ақтоғай, Таңдай, Алмалы селоларындағы жазғы су құбырын салу үшін жергілікті бюджеттен 166 млн теңге бөлінді.
Индер ауданының Индербор, Есбол, Өрлік, Жарсуат, Бөдене, Елтай, Көктоғай ауылдарындағы осыған ұқсас су құбыры жүйелерін салу үшін жобалау құжаттамасы әзір. Құрылыс жұмыстары қыркүйекте басталады.
Бүгінде облыста 166 елді мекеннің 132-іне газ жүргізілген (79 пайыз). Биыл қылмыстық-атқару жүйесі мекемесін газдендіруге 93,5 млн теңге бөлінді. Азғыр аймағын газдендіру бағдарламасын жобалау аяқталды. Жұмыстар 9,8 млрд теңге деп бағалануда, олар биыл басталады, ақшаны НКОК компаниясы бөледі.
Қысқа дайындық жүргізу үшін жергілікті және республикалық бюджеттен барлығы 2,4 млрд теңге бөлінді. Тағы 2,1 млрд теңгені облыстағы жылумен қамту мекемелері бөледі. 116 білім беру нысанының, 3 денсаулық сақтау нысанының және 18 мәдениет нысанының жылыту қазандары мен жылу жүйелеріне арналған тораптар мен детальдар сатып алынып, құрастырылуда. Бүкіл әлеуметтік және тұрғын нысандардың 84 пайызы шаю-тазарту жұмыстарынан өтті. Қысқа дайындық туралы төлқұжатты облыстағы 1514 көппәтерлі үйдің 1136-сы, 29,2 км жылу жүйесінің 25,5 км-і, 734,2 км электр жүйелерінің 664,8 км-і алды. Атырау ЖЭО-да 4 қазандық агрегатының 3-і, 4 турбинаның 3-і қысқа әзір.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ