Атырау, 23 желтоқсан 10:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Барлық жаңалық

Кемеровадағы Зимняя вишняда болған өрттің себебі белгілі болды Әлемде

Кемеровадағы Зимняя вишняда болған өрттің себебі белгілі болды

Кемеровадағы «Зимняя вишня» СО-да өрт ғимараттың шатырында электр сымдарының қысқа тұйықталуынан басталған. Зерттеу жұмыстары Ресей ТЖМ Санкт-Петербург университетінің өртті зерттеу орталығында жүргізілді. Сараптаманың алдын ала нәтижелерін kommersant.ru сайты жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 17 сәуір 2018, 11:26 2 474 рет қаралды
​Ереванда халық ереуілге шығып, 46 адам жарақат алды Әлемде

​Ереванда халық ереуілге шығып, 46 адам жарақат алды

Армения астанасы Ереван қаласында халық жаппай ереуілге шығып, тәртіп сақшыларымен қақтығысты. Салдарынан 46 адам жарақат алды. Наразылық шарасын ұйымдастырған парламент депутаты Никол Пашинян да зардап шеккен. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады.  17 сәуір 2018, 10:30 2 098 рет қаралды
Ресейдегі оқиғаларға реакцияны қысқа мерзімді деп бағалаймыз – Ұлттық банк  Қазақстанда

Ресейдегі оқиғаларға реакцияны қысқа мерзімді деп бағалаймыз – Ұлттық банк

2018 жылдың І тоқсанында Қазақстанның валюта нарығындағы ахуал тұрақты болды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 17 сәуір 2018, 10:10 2 462 рет қаралды
Вашингтон Ресейге жаңа санкция салуды кейінге қалдырды Әлемде

Вашингтон Ресейге жаңа санкция салуды кейінге қалдырды

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы қосымша экономикалық санкция енгізуді кейінге қалдыруға пәрмен берді. Бұған дейін АҚШ-тағы БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли АҚШ Қаржы министрлігі Мәскеудің Сириядағы ұстанымына байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуы мүмкін екенін мәлімдеген. 17 сәуір 2018, 09:43 2 111 рет қаралды
​РФ Новосібір облысынан Қазақстанға 80 тонна пияз қайтарылды Қазақстанда

​РФ Новосібір облысынан Қазақстанға 80 тонна пияз қайтарылды

Ресей ауыл шаруашылығын бақылау басқармасының инспекторлары бір аптаның ішінде Қазақстаннан Ресейге түйінді пиязды төрт рет заңсыз  алып өту әрекетінің ізін кесті. Ұсталған жүктің жалпы салмағы 80 тоннаны құрайды, деп хабарлады Новосібір облысы бойынша Ресей ауыл шаруашылығын бақылау басқармасынан.  17 сәуір 2018, 09:27 2 163 рет қаралды
​Бауыржан Мусинге қатысты сот үкімі шықты Қазақстанда

​Бауыржан Мусинге қатысты сот үкімі шықты

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі Комитет төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Мусинге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  17 сәуір 2018, 09:23 2 424 рет қаралды
Жер қойнауын пайдалану комитеті экс-басшысының соты басталды Қазақстанда

Жер қойнауын пайдалану комитеті экс-басшысының соты басталды

Астанада инвестиция және даму министрлігі геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің бұрынғы төрағасы Базарбай Нұрабаевтың ісі бойынша сот басталды. Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, Астананың істі қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асхат Әшірбеков қарап жатыр. 16 сәуір 2018, 16:55 2 760 рет қаралды
Ресей АҚШ санкцияларына көп ұзамай жауап қайтаратынын мәлімдеді Әлемде

Ресей АҚШ санкцияларына көп ұзамай жауап қайтаратынын мәлімдеді

Мәскеу Американың жаңа санкцияларына көп ұзамай жауап беретінін мәлімдеді. РФ СІМ бұл жағдайда «динамикалық» жауап керектігін алға тартты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net порталына сілтеме жасап. 16 сәуір 2018, 16:42 1 811 рет қаралды
Ресей Telegram мессенджерін бұғаттай бастады Әлемде

Ресей Telegram мессенджерін бұғаттай бастады

Федералдық қызмет байланыс операторларына Ресей территориясында Telegram мессенджерін бұғаттауды тапсырды. Олар осы сәттен бастап аталған мессенджер түрін бұғаттаулары тиіс, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап. 16 сәуір 2018, 16:40 2 332 рет қаралды
Мұнайшылар мен айтишілер форумы Басқа жаңалықтар

Мұнайшылар мен айтишілер форумы

2016 жылдың ақпан айында «Ембімұнайгаз» компаниясы Уаз кен алаңы негізінде «Цифрлық кен орны» пилоттық жобасын іске қосты, ол өзінің тиімділігін дәлелдеді: электр энергиясын тұтыну 35%-ға төмендеді, ұңғымалардың қолданыстағы қорын пайдалану коэффициенті артты, соның нәтижесінде қосымша 1360 тонна мұнай өндіру мүмкіндігі пайда болды, жерасты жөндеу жұмыстарының саны азайды және мұнайды өндіруді есепке алу жүйесі жетілдірілді.  16 сәуір 2018, 16:19 4 041 рет қаралды
​Қытай АҚШ пен оның одақтастарының соққыларын жауапсыз деп атады Әлемде

​Қытай АҚШ пен оның одақтастарының соққыларын жауапсыз деп атады

Сирия билігіндегілер химиялық қару қолданған болуы мүмкін деген сылтаумен АҚШ, Ұлыбритания және Франция елдерінің Сирия бойынша жасаған әскери соққысы жауапсыз болып саналады. Бұл туралы бүгін, 16 сәуірде ҚХР СІМ ресми өкілі Хуа Чуньин айтты, - деп хабарлайды РИА Новости. 16 сәуір 2018, 16:17 2 455 рет қаралды
​Сауд Арабиясы Сирияға әуеден жасалған соққыларға қолдау білдірді Әлемде

​Сауд Арабиясы Сирияға әуеден жасалған соққыларға қолдау білдірді

Сирияда химиялық қарудың қолданылуын халықаралық дәрежеде жіті тексеру қажет. Ал Иранның Сириядағы ахуалға араласуы тіпті орынсыз. Бұл туралы Дахрандағы Араб елдерінің саммитінде айтылды.  16 сәуір 2018, 15:09 2 192 рет қаралды
​Өзбекстандағы телеарналар арнайы қызметтің бақылауынан босатылды Әлемде

​Өзбекстандағы телеарналар арнайы қызметтің бақылауынан босатылды

Өзбекстан ұлттық телерадиокомпаниясы арнайы қызметтің бақылауынан босады. Өйткені компания төрағасының қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Абдусалом Шодмонов қызметтен қуылды. 16 сәуір 2018, 15:05 1 330 рет қаралды
​Черногориядағы президенттік сайлауда Мило Джуканович жеңіске жетті Әлемде

​Черногориядағы президенттік сайлауда Мило Джуканович жеңіске жетті

Черногориядағы президент сайлауында елдегі ең беделді саясаткер Мило Джуканович жеңіске жетті. Алдын ала ресми мәліметтерге қарағанда Мило Джукановичке сайлаушылардың 56 пайызы дауыс берді. 16 сәуір 2018, 15:03 2 007 рет қаралды
​Елбасы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті қабылдады Қазақстанда

​Елбасы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысына 2017 жылдың қорытындылары бойынша экономикалық даму көрсеткіштеріне жасалған талдау нәтижелері жөнінде мәлімделіп, министрліктің қызметі туралы есеп берілді, деп хабарлайды Ақорда. 16 сәуір 2018, 15:01 1 476 рет қаралды
​Қазақстанда биыл электрондық визаны рәсімдеу шаралары басталады Қазақстанда

​Қазақстанда биыл электрондық визаны рәсімдеу шаралары басталады

Қазақстанда электрондық визаны рәсімдеу биылдан бастап енгізіледі. Бұл туралы бүгін Мәжілісте көші-қон бақылауы тықырыбына арналған Үкімет отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  16 сәуір 2018, 14:57 2 282 рет қаралды
​Қазақстан Елшілігі Мәскеуде терезеден құлаған қыздың мәселесін бақылауға алды Қазақстанда

​Қазақстан Елшілігі Мәскеуде терезеден құлаған қыздың мәселесін бақылауға алды

Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының оқу ғимаратынан құлап кеткен қазақстандық қызға қатысты оқиға Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің айырықша назарында, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі. 16 сәуір 2018, 14:54 2 237 рет қаралды
Үйсіз мәдениет Басқа жаңалықтар

Үйсіз мәдениет

Қызылқоға ауданындағы Қарабау, Тасшағыл, Мұқыр ауылдарында ондаған жылдардан бері мәдениет үйі жоқ. Түрлі іс-шараларды мектептерде және көшелерде өткізуге мәжбүр. Тасшағылда мәдениет үйі бұзылғанына бірталай болса, Мұқырда мәдениет үйі жекешелендіру кезінде сатылып кеткен. Сурет Бейнежазба 16 сәуір 2018, 13:57 9 125 рет қаралды
Екпенің құрамын білесіз бе? Басқа жаңалықтар

Екпенің құрамын білесіз бе?

Елімізде соңғы жылдары ата-аналардың балалар екпесінен бас тартуы жылма-жыл өсіп келеді: 2014 жылы- 309, 2015 жылы- 382, 2016 жылы- 398, ал 2017 жылы 500-ге жуық. Бұл сандарды медицина қызметкерлері өткізген брифингте қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің бас сарапшысы Нұршай ӘЗІМБАЕВА айтты. 16 сәуір 2018, 13:09 4 812 рет қаралды
Оңтүстік және Солтүстік Корея тарихи саммитке дайындалып жатыр Әлемде

Оңтүстік және Солтүстік Корея тарихи саммитке дайындалып жатыр

Оңтүстік және Солтүстік Кореяның ресми өкілдері осы айдың соңында өтетін тарихи саммит қарсаңында екі мемлекет басшыларының телефон байланысын орнату мәселесін талқылады, деп хабарлайды Ренхап агенттігі.  16 сәуір 2018, 12:25 4 606 рет қаралды