Атырау, 11 қазан 15:03
 дождьВ Атырау +25.1
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

​Анкара Уашингтонға ескерту жасады

2 595 рет қаралды


«Түркияны F-35 ұшақтарын құрастыруға байланысты халықаралық жобадан шығарып тастау болашақта АҚШ-тың өзіне зиянын тигізеді. Жобадан шығарылу Түркияны ғана жазалау емес, толықтай жобаны жазалау» - деп мәлімдеді Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ибрагим Калын Уашингтонда өткен «АҚШ-Түркия қарым-қатынасы» форумында. 

Бұған дейін Анкара Ресейден С-400 зымыран жүйесін сатып алудан бас тартпайтынын мәлімдеген. Өз кезегінде АҚШ тарапы С-400 зымыран жүйесі НАТО стандарттарына сәйкес келмейтінін және алдағы уақытта Түркияға F-35 ұшақтарын сатуды тоқтататынын айтып, ескерту жасаған. 

Дереккөз: "The Qazaq Times" 

16 сәуір 2019, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.