Атырау, 20 сәуір 02:08
Таңертең ашық+8, күндіз +12
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 379.19  € 426.63  P 5.92

​Республикалық бюджетке 1 567 миллиард теңге кіріс түсті - Әлихан Смайылов

16 сәуір 12:20


Бүгін ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылғы қаңтар-наурыздағы ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының көрсеткіштері қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.  

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов осы жылдың І тоқсанында экономиканың өсуі жалғасып, жекелеген өңдеу секторлары екі таңбалы өсуге шыққанын, инвестициялар мен құрылыс айтарлықтай өскенін айтты. 

"Қаңтар-наурызда жалпы ішкі өнімнің өсуі 3,8 пайыз дейін нығайды. Қаңтар-ақпанда ол 3,5 пайыз құраған. Өсудің үдеуі өңдеу өнеркәсібінің өсу жағына шығуымен, сондай-ақ құрылыс және инвестициялардағы өсудің үдеуімен қамтамасыз етілді", - деді Дәленов. 

Биыл қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісі 3,2 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібінің көптеген салаларында екі таңбалы өсу байқалды. Бұл - жеңіл өнеркәсіп, сусындар және пластмасса бұйымдарын өндіру, құрылыс материалдарын шығару, сондай-ақ машина жасау, оның ішінде автокөлік жасау. Құрылыс жұмыстарының көлемі 8,9 пайыз артты. Ауыл шаруашылығы тұрақты өсу қарқынын сақтап тұр - өндіріс көлемі 3,6 пайыз ұлғайды. Көрсетілетін қызметтер саласында өсудің орнықтылығы сақталуда.

Есепті кезеңде ол 3,7 пайыз өсті. Көрсетілетін қызметтер сегментіндегі өсім көшбасшысы - сауда саласы. Оның өсімі 7,2 пайыз деңгейінде тіркелді. Көлік саласында өсім 4,4 пайыз болды. Сыртқы сауда айналымы жағымды үрдіс көрсетуді жалғастырды Биыл қаңтар-ақпанда ол 7,5 пайыз ұлғайды және негізінен экспорттың 11,1 пайыз ұлғаюының есебінен болды. Ұлттық экономика министрі баяндамасын аяқтай отырып, көптеген көрсеткіштер бойынша І тоқсан қорытындысы бойынша жақсару байқалатынын айтты. "ІІ тоқсанда қол жеткізген қарқындарды сақтап, оны жалғастыру маңызды. Ол үшін мүмкіндіктер бар. 

Біріншіден, нақтыланған бюджетті қаржыландыру ашылуда. Бұл тұтынушылық және инвестициялық сұранысты күшейтеді. 

Екіншіден, құрылыс, инвестициялық жұмыстар, сондай-ақ АӨК саласындағы жұмыстар кезеңі ашылуда. Үшіншіден, ІІ тоқсанда дәстүрлі түрде шағын және орта бизнес жанданады", - деді Дәленов. Өз кезегінде Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2019 жылы наурызда айлық инфляция 0,5 пайыз болғанын айтты. Жылдық инфляция 4,8 пайыз деңгейінде сақталды, бұл 2019 жылға арналған 4-6 пайыз нысаналы дәліздің ортасына сәйкес келеді. 15 сәуірде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9 пайыз деңгейінде төмендету туралы шешім қабылдады. 

Базалық мөлшерлеменің қазіргі деңгейі инфляция бойынша 2019 жылға арналған нысаналы бағдарға қол жеткізуге ықпал етеді. Валюта нарығындағы ахуал тұрақты. Айырбастау бағамы іргелі факторлардың әсерімен қалыптасуда. Теңгенің айырбастау бағамы аздап ауытқыды және Ұлттық Банктің өктемдік жүргізуі қажет болмады. ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов 2019 жылғы І тоқсандағы мемлекеттік бюджетттің атқарылуы туралы айтып берді. Ағымдағы қаржы жылының І тоқсанында бюджеттің барлық деңгейлерінде кірістер жоспардан асыра орындалып, оң өсу қарқынын көрсетті. 

"Шығыстардың атқарылуы 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жақсарды. Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 2,9 триллион теңге түсім жиналды. 3 триллион теңгеге шығыстар атқарылды. Мемлекттік бюджеттің тапшылығы - 94 миллиард теңге. Бұл жоспардан 162 миллиард теңгеге аз. Қолма-қол ақшаның бақылау шотында 285 миллиард теңге қаражат қалыптасты", - деді Смайылов. 

Мемлекеттік бюджеттің кірістері есептілік кезеңнің жоспарына қарағанда 105,6 пайызға, республикалық - 102,1 пайызға, жергілікті бюджеттер - 116,6 пайызға асыра орындалды. Республикалық бюджетке 1 567 миллиард теңге кіріс түсті. 

Бұл жоспардан 33 миллиард теңгеге, ал былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 268 миллиард теңгеге артық. Әлихан Смайылов, сондай-ақ, биылдан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылық жасау шараларының нәтижесінде 34 мыңнан астам салық төлеуші жалпы сомасы 7,6 миллиард теңгеге негізгі борыштарын өтегенін айтты (1 сәуірдегі жағдай бойынша). Олар бойынша 1,7 миллиард теңге сомасына өсімпұл және 0,2 миллиард теңге айыппұл есептен шығаруға жатады. Республикалық бюджет шығыстары туралы айтар болсақ, Смайыловтың айтуынш, олар 2,7 триллион теңге болған, "қаражаттың 47 пайыз әлеуметтік салаға бағытталған". 

Республикалық бюджеттен өңірлерге 1 112 миллиард теңге нысаналы трансферттер қарастырылған. І тоқсанда оларға 171 миллиард теңге бөлінді. Оның 165 миллиард теңгесі игерілді. Сонымен қатар, отырыста "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы А. Есімов сөз сөйлеп, Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаевтың, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Б. Сұлтановтың баяндамалары тыңдалды. Қорытындылай келе, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары - қаржы министрі Ә. Смайылов І тоқсанда экономикалық өсім қарқыны тұрақты болғанын айтты. Дегенмен, кейбір салалар мен өңірлерде өсім үрдісі жоспарланған көрсеткіштерге жеткен жоқ. 

Әлихан Смайылов барлық индикаторлар мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жоспарларында көрсетілгенін, сондай-ақ жобалық кеңсе арқылы қайта қаралғанын айтты. Ол барлық орталық және жергілікті атқарушы органдарды алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін жұмысты жандандыруға шақырды. 

Дереккөз: tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

307 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3 4 5