Атырау, 22 желтоқсан 21:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Тоқаев Өзбекстан сапарында 9 ірі келісімге қол қойған

2 926 рет қаралды

Фото: ҚР СІМ ресми сайты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы сапарында президент Шавкат Мирзиеевпен жоғары деңгейдегі кеңейтілген кездесу өткізіп, бірқатар келісімдер жасасты. ҚР президентінің өзбек еліндегі сапары осы елдегі Қазақстан жылының ашылуына тұспа-тұс келген. 

Кеңейтілген кездесуден кейін екі ел басшысы келіссөздер қортындысы бойынша бірлескен баспасөз мәлімдемесін өткізді. Екі ел президенті Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынасын бұдан да биік деңгейге көтеруге күш салатынын айтты және көршілес елдер арасындағы тауар айналымын 2020 жылдың соңына қарай 5 млрд АҚШ долларына дейін жеткізуді мақсат ететіндерін жеткізді.

Президент Тоқаев пен Мирзиеев арасындағы кеңейтілген кездесу отырысында 9 ірі келісімге қол қойылған. ҚР президентінің Баспасөз қызметі мәлімдемесіне қарағанда, кезекті мемлекеттік сапарда қол қойылған келісімдер мыналар: 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің бірлескен мәлімдемесі. 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбек қызметі және еңбекші көшіп-қонушылардың құқықтарын қорғау туралы келісім. 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Заңсыз көші-қонмен күрес бойынша ынтымақтастық туралы келісім. 

Табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісім аясында Қазақстан Республикасының мен Өзбекстан Республикасының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталармен алмасу түріндегі келісім. 

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2019-2020 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Қорғаныс министрлігі арасындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. 

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Қорғаныс министрлігі арасындағы Әскери ұшақтарды қабылдау, аэродром-техникалық қамтамасыз ету және әскери аэродромдарда әскери әуе кемелерін күзету туралы келісім. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі арасындағы «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру мәселелері жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум. 

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Дін істері жөніндегі комитет арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум. 

Дереккөз: qazaqtimes.com


16 сәуір 2019, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.