Нотр-Дам де Пари отқа оранғаны жайында хабарланды. Париждегі қайғылы жағдай ұлттық трагедия деп танылғанын да жеткіздік. Тарихи ғимаратты шарпыған жалынның видеосы әлеуметтік желіге лезде тарап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Нотр-Дам де Пари жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат жеті кезінде өртене бастаған. Шіркеудің емен ағашынан жасалған бөренелері лезде жанып кетті. От жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан монументтің жоғарғы бөлігінен шыққан. Құтқарушылар шалт қимылдып, құнды заттардың үштен бір бөлігін сыртқа аман алып шықты.
Жерар Керзак дәрігер:
- Ауыр жарақат алғандар жоқ. Бірнеше өрт сөндіруші уланып, жеңіл жарақат алған. Эвакуацияланған адамдың барлығы дін аман.
Блиц 1:
- Қайғылы жағдай орын алды. Ғимарат француздар мен католиктер үшін ғана емес, барлық әлем елдеріне құнды еді.
Блиц 2:
- Барлығымыз есеңгіреп қалдық. Жаңалықты көргеннен кейін бірден осы жерге келдік.
Блиц 3: - Бұл мыңдаған жыл тарихы бар ғимарат. Ерекше құрылыс. Орны толмас қайғы.
Қызыл жалыннан Нотр Дамның төбесі мен орталық мұнарасы қирап қалған. Құтқарушылар шіркеудің басты бөлмесі мен екі мұнарасын аман алып қалған.
Эмманюэль Макрон, Франция президенті:
- Біздің тарихымыз әрі келешегіміз секілденген Нотр-Дамның отқа орануы қабырғаны қайыстырады. Қызыл жалынмен күресуге жұмылған 500-ге жуық өрт сөндіруші бірнеше сағат бойы арпалысты. Бұл оқиға барлық католиктер мен бүкіл француздар үшін орны толмас өкінішке айналғаны анық. Шіркеуді қалпына келтіру үшін бар күшімізді салатынымызға уәде беремін. Ертеңнен бастап қаржы жинау жұмыстары басталады.
Бүгіннен бастап шіркеуді қалпына келтіру үшін жалпыұлттық қаржы жинау басталды. Бұған дейін бір француз жанұясы бұл мақсатқа 100 миллион еуро бөлетінін айтты. Шіркеуді қалпына келтіруге ЮНЕСКО-да атсалысатынын мәлімдеді.
Дереккөз: 24.kz