Атырау, 28 қараша 08:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Майкл Помпео: «Солтүстік ағын-2» - АҚШ-қа қауіпті

2 501 просмотра


АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Ресейдің Германияға газ тасымалдайтын «Солтүстік ағын-2» құбырының құрылысына қатысты пікір білдірді. 

«Біз Ресей мен Германияны байланыстыратын газ құбырының құрылысын бақылап отырмыз. Бұл Германия мен АҚШ қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді. АҚШ дипломаттары мен энергетика саласының өкілдері Американың ғана емес, Еуропаның да қауіпсіздігі үшін жұмыс істеуде» - деп мәлімдеді Помпео. 

Бұған дейін Майкл Помпео «АҚШ-тың «Солтүстік ағын-2» құрылысына қарсы жүргізген жұмыстарынан ешқандай нәтиже шықпағанын» айтқан. Наурыз айында АҚШ Қаржы министрлігі «Солтүстік ағын-2»  газ құбырының құрылысына қатысты қосымша санкциялар тізімін дайындап жатқандығын мәлімдеген. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 

16 сәуір 2019, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.