Атырау, 1 мамыр 17:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Барлық жаңалық

Арменияның экс-президенті “ақша жымқырды” деп айыпталды. Іс сотқа кетті Әлемде

Арменияның экс-президенті “ақша жымқырды” деп айыпталды. Іс сотқа кетті

29 қаңтарда Арменияның Бас прокуратурасы мемлекет қаржысын талан-таражға салды деп айыпталған бұрынғы президент Серж Саргсянның үстінен қозғалған қылмыстық істі сотқа жіберді. Азаттықтың Армян қызметі Саргсянмен бірге төрт адам – бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Серго Карапетян және оның орынбасары болған Самвел Галстян, кәсіпкер Барсег Бегларян, өсімдік зерттеу басқармасының бұрынғы бастығы Геворг Арутюнянның айыпталып жатқанын хабарлады. 30 қаңтар 2020, 17:31 2 435 рет қаралды
Трамп заңгерлері сенат талқылауында импичментке негіз жоқ деді Әлемде

Трамп заңгерлері сенат талқылауында импичментке негіз жоқ деді

Дональд Трамп Украинаға әскери көмекті кешіктіріп, билігіне қысым жасауға тырысса да, бұл президентке импичмент жариялауға негіз бола алмайды. АҚШ президенті Дональд Трамптың заңгерлер тобы 29 қаңтарда сенат талқылауында осылай деді. 30 қаңтар 2020, 17:18 2 478 рет қаралды
​Министр Нұрымбетов президент кеңесшісінің атышулы жазбасына жауап берді   ​ Қазақстанда

​Министр Нұрымбетов президент кеңесшісінің атышулы жазбасына жауап берді ​

Жұмыс тобының құрамындағы 25 адамның 24-і үкіметтің зейнетақы жүйесіне қатысты ұсыныстарын қолдайды. Ал Олжас Құдайбергенов жұмыс тобынан шығамын десе, бұл оның өз еркі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов президенттің штаттан тыс кеңесшісінің желідегі жазбасына осылай жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 30 қаңтар 2020, 17:12 3 829 рет қаралды
Атырау облысы: жемқорлар мемлекеттік сатып алудан «табыс» тауып жүр Басқа жаңалықтар

Атырау облысы: жемқорлар мемлекеттік сатып алудан «табыс» тауып жүр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет анықтаған қылмыстың әрбір алтыншы фактісі мемлекеттік сатып алу саласында жасалған. Шығын көлемі 2,5 млрд теңгені құрады. Бұл Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан ӘБІЛХАНОВТЫҢ, облыстық тексеру комиссиясы, ішкі мемлекеттік аудит департаменті және бейінді ведомстволар басшылығының қатысуымен өткен кеңесте талқыланған негізгі тақырып болды. 30 қаңтар 2020, 16:58 4 218 рет қаралды
Таза офицерлік "әлімжеттік" Басқа жаңалықтар

Таза офицерлік "әлімжеттік"

Ақтөбе гарнизонының  әскери соты Атырауда орналасқан 41433 әскери бөлімшесіндегі «жарғыдан тыс қарым-қатынастар» туралы іс бойынша үкім шығарды. 38 жастағы командирдің идеология және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ҚР ҚК 451 бабы («Билікті асыра пайдалану») бойынша айыпталған болатын. Қысқасы, ол әскери дәрігерді соққыға жыққан. 30 қаңтар 2020, 16:47 3 293 рет қаралды
Қапшағайда коронавирус туралы қауесет таратқан жедел жәрдем жүргізушілері ұсталды Қазақстанда

Қапшағайда коронавирус туралы қауесет таратқан жедел жәрдем жүргізушілері ұсталды

Қапшағайда коронавирус туралы қауесет таратқан жедел жәрдем жүргізушілері ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жалған ақпарат тарату дерегі бойынша жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  30 қаңтар 2020, 12:27 2 911 рет қаралды
Отставкаға кетсін: Тоқаевтың кеңесшісі жұмыс тобынан шығып кетті Қазақстанда

Отставкаға кетсін: Тоқаевтың кеңесшісі жұмыс тобынан шығып кетті

Мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов зейнетақы жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының құрамынан шығып кетті. Экономист кей шенеуніктер отставкаға кетпейінше, жұмыс тобы зейнетақыға қатысты дұрыс шешім қабылдай алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 30 қаңтар 2020, 12:56 2 694 рет қаралды
​Коронавируспен күресуге 3,9 млрд доллар қаржы бөлінді Әлемде

​Коронавируспен күресуге 3,9 млрд доллар қаржы бөлінді

Қытайдың қаржы министрлігі атышулы коронавирусты тоқтатуға 3,9 миллиард доллар қаражат бөлді. Қаңтардың 29-ы қатерлі дерт ошағына айналған Қытайдың қаржы институты вирустың таралуын болдырмауға және бақылауға 27,3 миллиард юань бөлді.  30 қаңтар 2020, 11:37 2 632 рет қаралды
Қытайда коронавирустан көз жұмған адамдар саны 170-ке жетті Әлемде

Қытайда коронавирустан көз жұмған адамдар саны 170-ке жетті

Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 170 адамға, ал ауру жұқтырғандар саны 7 711 адамға жетті, деп хабарлады Қытай Халық Республикасының денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті. 30 қаңтар 2020, 10:47 2 953 рет қаралды
"Бұл не масқара?!": Еркін Рақышев Тоқаевқа үндеу жолдады Қазақстанда

"Бұл не масқара?!": Еркін Рақышев Тоқаевқа үндеу жолдады

Өз сөзінде Рақышев Қытайдағы коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу жөніндегі тапсырмалардың үкіметке дер кезінде жүктелгенін жеткізді. Алайда үндеуінде ол өзге мәселені де көтерген. Бейнежазба 30 қаңтар 2020, 10:33 4 532 рет қаралды
"Жұрт қатарлы өмір сүргім келеді" Басқа жаңалықтар

"Жұрт қатарлы өмір сүргім келеді"

- Сол күні суық әрі жер тайғақ болатын. Біз келгенде пойыз тоқтап тұрған. Вагондардың біріне жүгіріп жетіп, енді міне бергенде, аяғым тайып, астына құладым, - дейді Жанаргүл көз жасын сүртіп. 2018 жылғы 11 қаңтарға қараған түні өзі тұрып жатқан 265-разъезден туған ауылы Мұқырға бара жатқан ол бір аяқтан айырылып, өмірбақи мүгедек болып қалады.  Сурет Бейнежазба 29 қаңтар 2020, 19:53 9 571 рет қаралды
Қарағандының тәртіп сақшылары екі жалған полицейді қолға түсірді Қазақстанда

Қарағандының тәртіп сақшылары екі жалған полицейді қолға түсірді

Екі жалған полицей Шахтинск қаласының тұрғынынан есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатып береміз деп 1000 доллар талап еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 29 қаңтар 2020, 16:04 2 657 рет қаралды
АҚШ-тың денсаулық сақтау саласы мамандары Қытайды әріптестікке шақырды Әлемде

АҚШ-тың денсаулық сақтау саласы мамандары Қытайды әріптестікке шақырды

АҚШ-тың денсаулық сақтау саласы мамандары қауіпті вируспен күресіп жатқан Пекинді ашықтыққа және әріптестікке шақырды. Қытайда коронавирус жылдам тарап барады. Соңғы дерек бойынша, коронавирустан көз жұмғандар саны 132-ге жетті, оны жұқтырғандар саны 6000-ға жуықтады. 29 қаңтар 2020, 15:25 2 429 рет қаралды
Жаңаөзендіктер 2011 жылы ереуіл кезіндегі "халыққа оқ ату ісін" қайта тергеуді талап етті Қазақстанда

Жаңаөзендіктер 2011 жылы ереуіл кезіндегі "халыққа оқ ату ісін" қайта тергеуді талап етті

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы тұрғындары Қазақстан президентіне хат жолдап, 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзенде мұнайшылардың бейбіт ереуілі кезінде халыққа оқ атуға бұйрық берген лауазымды тұлғаны анықтауды талап етті. Хатқа Жаңаөзен оқиғасынан соң полиция атқан оқтан туыстарынан айырылғандар, жараланғандар, мүгедек болып қалғандар, жазықсыз қамалғандар мен қамауда зорлық-зомбылық көрдік деген қала тұрғындары мен мұнайшылар жалпы саны жүзге тарта адам қол қойған. 29 қаңтар 2020, 15:00 2 748 рет қаралды