Атырау, 22 желтоқсан 15:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Көлгінов астаналықтарға қонаққа бармауға кеңес берді

2 680 рет қаралды

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов астаналықтарға қонаққа бармауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Қонаққа барудан және отбасылық іс-шараларға қатысудан, сондай-ақ адам көп жиналатын жерге бармау керек: қауіп әлі бар. Сақтық шараларын сақтай отырып, сіз өзіңізді және жақындарыңызды қауіпсіздендіресіз", - дейді Көлгінов.

Ол қала тұрғындарына қатаң санитарлық нормаларды сақтау қажет екенін атап өтті: маска тағу (адам көп жиналатын жерлерде, әсіресе жабық үй-жайларда) мүмкіндігінше адам көп жиналатын орындарға бармау керегін ескертті.

"Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы өте ауыр. Өкінішке қарай, науқастар медицина қызметкерлерінің кеңесін тыңдамайды, сонымен қатар, өзін-өзі емдеп, медициналық көмекке дер кезінде жүгінбейді", - деді әкім.
15 маусым 2020, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.