Атырау, 22 желтоқсан 13:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев оқшаулау режиміне көшті

2 582 рет қаралды

Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев өзін-өзі оқшаулау режиміне ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, Мәскеуде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараларға қатысуға байланысты қорғаныс ведомствосының басшысы генерел-лейтенант Нұрлан Ермекбаев 2020 жылдың 11 маусымынан бастап өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті.

"Мерекелік іс-шараларға Қазақстан Қорғаныс министрі өзінің ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгудың шақыруымен барады. Өзін-өзі оқшаулау бойынша шаралар шет елдерге бару тәртібін, дәрігерлердің ұсыныстарын, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жай-күйін ескере отырып қабылданды.
Қорғаныс министрі жұмыс орнында. Бұл ретте оның қарамағындағылармен тікелей байланысы жоқ. Қорғаныс министрлігі мен қарулы күштер қызметіне басшылық ету телефон және бейнеконференцбайланысы арқылы жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Өзін-өзі оқшаулау кезеңінде қорғаныс министрімен қажетті диагностикалық іс-шаралар жүргізіледі дейді ведомство өкілдері.

"Өзін-өзі оқшаулау режимінің аяқталу күні туралы шешім ағымдағы жағдайды ескере отырып, Мәскеуден оралғаннан кейін қабылданады", - дейді министрліктегілер.

15 маусым 2020, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.