
Нұрсұлтан Толқымбаев «Самұрық-Қазына» АҚ Мұнай-газ активтері департаментінің директоры болып тағайындалды. Оның энергетика және мұнай-газ саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар.
Жалпы еңбек өтілі 19 жылдан асатын Нұрсұлтан Толқымбаев бұған дейін «ҚазМұнайГаз» тобының құрылымдарында басшылық лауазымдарды атқарған. Ол мұнай және мұнай өнімдерін өткізу, экспорттық операциялар, жеткізу тізбегін басқару, нарықтарды дамыту мен халықаралық келісімшарттар бағыттарына жетекшілік еткен.
Сонымен бірге ол Румыниядағы KMG International компаниясында логистика, коммерциялық қызмет және бизнесті дамыту салаларында жұмыс істеп, өндірістік тиімділікті арттыру мен шығындарды оңтайландыру жобаларын жүзеге асырды.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Толқымбаев төрт жыл бойы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның Сату департаментін басқарған.
В Атырау +30.5