Атырау, 17 ақпан 07:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.97
€ 583.77
₽ 6.39

Қытайда COVID-19 өршуіне байланысты әскери жағдай режимі енгізілді

3 102 рет қаралды

Коронавирус өршуіне байланысты Қытайдың Баодин қаласында әскери жағдай енгізілді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Дереккөз мәліметінше, Баодинда 11 миллионнан аса адам тұрады. Қала ел астанасы Бейжіңнен 147 шақырымда жерде орналасқан. Қалалар бір-бірімен тығыз байланысқан. 

"Эпидемиямен күрес жөніндегі жедел штаб Баодин қаласында індеттің таралуын болдырмау мақсатында әскери жағдай тез арада енгізілетінін және соғыс уақытының механизмін іске қосылатынын мәлімдеді", - делінген үкіметтің хабарламасында.

Еске салайық, 13 маусымда Бейжіңдегі ең ірі көтерме сауда базары "Синьфади" карантинге жабылған болатын. Мұнда импортталған арқан балығын (лосось) кесуге арналған тақтадан коронавирус табылды. Сондай-ақ, Фэнгтай аймағында да әскери жағдай енгізілді.

Айта кетейік, осыған дейін Қытайда коронавирустың жаңа толқыны болуы мүмкін екені хабарланған еді.

15 маусым 2020, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.