Атырау, 15 қаңтар 19:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

Мамин мінген тікұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды

2 685 просмотра

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мінген тікұшақ Таразға шұғыл қонды, деп хабарлайды Қазақпарат.

"12 маусымда Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Жамбыл облысын тікұшақпен аралап ұшты. Ұшу кезінде гидравликалық жүйе істен шыққан. Осыдан кейін қосалқы гидравликалық жүйе қосылды. Ұшу эксплуатациясының ұсынымдарына сәйкес, ұшқыш Таразда қонуға мәжбүр болды", - деп келтіреді агенттік "Қазәуеқұтқару" АҚ қоғаммен байланыс маманының сөзін.

Өткен аптада үкіметтік делегация жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Премьер-министр Асқар Мамин басқарған делегация құрамына бірқатар министрліктің өкілдері кірді.

Көп ұзамай денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан коронавирус табылды.

Үкімет басшысы COVID-19-ға тест тапсырды, диагноз расталған жоқ. Қазір Мамин өзін-өзі оқшаулады, бірақ қашықтан жұмыс істеп жатыр.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та оқшауланды.

Дереккөз: sputniknews.kz

15 маусым 2020, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.