Атырау, 25 желтоқсан 16:03
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Барлық жаңалық

Ердоған: Түркияға Еуропа қажет емес, Еуропаға Түркия керек Әлемде

Ердоған: Түркияға Еуропа қажет емес, Еуропаға Түркия керек

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның Анкарада Еуропаға қатысты жасаған мәлімдемесі бірқатар шетелдік басылымдардың атышулы тақырыптарына айналды. Ол өз сөзінде: "Түркияға Еуропа қажет емес, Еуропаға Түркия керек" деген болатын. Бұл туралы Әл-Жазира ақпараттық агенттігі жазды.  24 қазан 2017, 16:28 1 943 рет қаралды
Бишімбаев адвокаттары: Коррупцияға қарсы бюро тергеу құпиясын өзі бұзды Қазақстанда

Бишімбаев адвокаттары: Коррупцияға қарсы бюро тергеу құпиясын өзі бұзды

Бұрынғы ұлттық экономика министрі, пара алу күдігіне ілінген Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары Астанада баспасөз мәслихатын өткізіп, коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылордадағы әйнек зауыты құрылысын салу кезіндегі қаржы жымқыру туралы қылмыстық істі тергеу аясында мемлекетке "1,2 миллиард теңге көлемінде шығын өтелді" деген мәлімдемесін терістеді. 24 қазан 2017, 16:14 2 029 рет қаралды
Қазақстан Қырғызстаннан 100 миллион доллар көмектен бас тартқаны туралы хат алды Қазақстанда

Қазақстан Қырғызстаннан 100 миллион доллар көмектен бас тартқаны туралы хат алды

Қырғызстанға 100 миллион доллар бөлу туралы Қазақстанмен келісімнің күшін жою рәсімдері басталғанына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  24 қазан 2017, 15:03 2 615 рет қаралды
Шпекбаев: Коррупцияға іліккен шенеуніктерден 5 миллиард теңге өндірілді Қазақстанда

Шпекбаев: Коррупцияға іліккен шенеуніктерден 5 миллиард теңге өндірілді

Соңғы бірнеше жылда жемқорлықпен ұсталған ірі шенеуніктер мемлекетке бес миллиард теңгеге жуық қаражат қайтарды деп мәлімдеді Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары Алик Шпекбаев. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы ол Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) ұйымдастырған коррупцияға қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде айтты. "Коррупция - әлеуметтік жіктелу мен теңсіздіктің басты факторы" деп аталатын шараға үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, заңгерлер мен сарапшылар қатысты. 24 қазан 2017, 14:49 2 996 рет қаралды
Қазақстанда ЕАЭО-да "шеттен қант импорттау тыйымына" қарсы шықты Қазақстанда

Қазақстанда ЕАЭО-да "шеттен қант импорттау тыйымына" қарсы шықты

Қазақстандық кондитерлер ассоциациясы мен алкогольсіз сусындар ассоциациясы Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) аумағында қантты одақтан тыс елдерден импорттауға тыйым салу ұсынысына қарсы шықты. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы сейсенбіде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қос ассоциация өкілдері мәлімдеді. 24 қазан 2017, 12:03 1 371 рет қаралды
Жолаушылар тасымалы: жаңа бетбұрыс – 2 Басқа жаңалықтар

Жолаушылар тасымалы: жаңа бетбұрыс – 2

Тасымалдаушылардың жыл сайынғы табысы олардың өздерінің айтқан сомасынан 3 млрд теңгеге артық – бұл туралы «2017-2022 жылдарға арналған Атырау қаласының қоғамдық көлігін дамыту тұжырымдамасының» авторы, техника ғылымдарының докторы, Қазақ автокөлік-жол академиясының профессоры Жұмажан ЖАҢБЫРОВ мәлімдеді. 24 қазан 2017, 12:00 4 364 рет қаралды
Катар азаматтары Қазақстаннан 29 сұңқарды алып шықпақ болған  Қазақстанда

Катар азаматтары Қазақстаннан 29 сұңқарды алып шықпақ болған

Қазақстандық шекарашылар 29 сұңқар құсын елден алып шықпақ болған катарлықтардың жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  24 қазан 2017, 11:49 3 779 рет қаралды
Таразда дауға қалған қандастар елден қуылмайтын болды  Қазақстанда

Таразда дауға қалған қандастар елден қуылмайтын болды

Тараздағы қандастар елден қуылмайды. Көші-қон қызметі арқылы тіркеуге тұрып, кейін ықтияр хаттары жарамсыз деп танылған, Қытайдан келген 251 қазақ құжаттарын қайта рәсімдеп жатыр. Себебі, былықты құзырлы мекеме өкілдерінің өздері жасағаны расталып, ата жұртты аңсап келгендер елден шығарылмайтын болды. Сөйтіп, олар заңды түрде Қазақстанның кез-келген өңіріне уақытша және тұрақты тіркеуге тұруға мүмкіндік алды, деп хабарлайды КТК арнасы.  24 қазан 2017, 09:56 2 053 рет қаралды
Назарбаев әуежайын жөндеу жұмыстарына Ұлттық қордан 5 млрд теңге бөлінген Қазақстанда

Назарбаев әуежайын жөндеу жұмыстарына Ұлттық қордан 5 млрд теңге бөлінген

Астанадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайындағы жолаушылар терминалын жөндеу жұмыстарына (қосымша) 2017 жылы Ұлттық қордан 5 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.  24 қазан 2017, 09:42 2 139 рет қаралды
Қайсарлықтар қонақжайлық танытпады Спорт

Қайсарлықтар қонақжайлық танытпады

22 қазанда «Атырау» сырт алаңда қызылордалық «Қайсармен» кездесті. Турнир кестесіндегі көрші командалар матч басында сүреңсіз ойын көрсетті, доп екі командада да тұрақтамай, көбіне алаң ортасында жүрді. 23 қазан 2017, 17:26 3 205 рет қаралды
"Жұмыс жүріп жатқандай..., бірақ балық жоқ" Басқа жаңалықтар

"Жұмыс жүріп жатқандай..., бірақ балық жоқ"

Халықаралық экспедиция ғалымдары Жайық өзеніндегі бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашатын жерлерін зерттеудің нәтижесінде жағымсыз қорытындыға келді: олардың аумағы 82 пайызға кеміген. Неге олай болды, соңы неге әкеледі деген сұрақтарға Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (КазНИИРХ) Атырау филиалының аға ғылыми қызметкері Елена БОКОВА жауап берді. Сурет 23 қазан 2017, 16:56 4 003 рет қаралды
Қырғыз шекара қызметі: Қазақстанмен шекарадан өту әлі де қиын Әлемде

Қырғыз шекара қызметі: Қазақстанмен шекарадан өту әлі де қиын

Қазақстан-Қырғызстан шекарасында тексеру және өткізу бекетінен азаматтар мен көліктердің өтуі әлі қиын. Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің Азаттықтың Қырғыз редакциясына хабарлауынша, "Ақ-Жол" және "Ақ-Тілек" бекеттерінде кезек бар, "Чалдовар" және "Чоң-Капка" бекеттерінде кезек байқалмайды. 23 қазан 2017, 16:00 2 653 рет қаралды
"Сирия демократиялық күштері" Әл-Омар кенішін басып алды Әлемде

"Сирия демократиялық күштері" Әл-Омар кенішін басып алды

Сирия демократиялық күштері АҚШ-тың көмегімен Дейр әл-Зор провинциясындағы Әл-Омар кенішін басып алды. Бұл кенішті осыған дейін "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы бақылаған. Associated Press агенттігі мұны Сирия аумағындағы ең ірі мұнай кеніші деп атайды. 23 қазан 2017, 15:57 1 877 рет қаралды
Испания Каталония билігін өз қолына алады Әлемде

Испания Каталония билігін өз қолына алады

Испания Каталония басшысы Карлес Пуджемонт пен оның серіктестерін қызметінен босатып, жаңадан сайлау өткізеді. Осыдан бұрын қолданылмаған Конституция тармағы іс жүзінде қолға алынып, Орталық билік өзін-өзі басқару құқығына ие автономиялық аймақтың билігін өз қолына алады. Испанияның алдағы аптаға жоспары мен жергілікті халықтың қарсылық шаралары туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.  23 қазан 2017, 15:52 1 658 рет қаралды
Айдалада ақ отау Басқа жаңалықтар

Айдалада ақ отау

20 қазан күні Атырау облысының әкімдігінде жергілікті биліктің қала сыртындағы Талғайраң поселкесінің маңынан үлкен ықшамаудан салу жоспарына арналған үй салушы компаниялардың басшыларымен жиналыс өтті.  23 қазан 2017, 14:30 5 990 рет қаралды
Пәтерге сұраныс көп өңірлерде «Нұрлы жер» бойынша үйлер салынып жатқан жоқ – Бақытжан Сағынтаев Қазақстанда

Пәтерге сұраныс көп өңірлерде «Нұрлы жер» бойынша үйлер салынып жатқан жоқ – Бақытжан Сағынтаев

Бүгін Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша өңірлерде тұрғын үйлерді халықтың сұранысы бойынша салу қажеттігін айтып, облыс басшыларына ескерту жасады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 23 қазан 2017, 12:56 2 655 рет қаралды