Атырау, 19 мамыр 15:52
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Шымкентте 23 бала балмұздақтан уланып қалды

1 960 просмотра


Олардың барлығы тәтті балмұздақты қалалық саябақ жанынан сатып алған.

Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 23 адам тағамнан улану диагнозы бойынша жеткізілді. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Ғалым Айнабек айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

Ауруханаға бес пен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер түсті.

"Қазір олардың жағдайы бірқалыпты. Төртеуі жан сақтау бөлімінде – екі бала және 17 мен 18 жасар екі жасөспірім", - деді бас дәрігер.

Оның мәліметінше, балалар мен жасөспірімдер 29-30 наурызда ауруханаға жатқызылды. Ол балалардың неден уланып қалуы мүмкін екендігі туралы қойылған сұраққа жауап берген жоқ.

Уланып қалған балалардың ата-аналары Республика даңғылы бойында орналасқан "Фантазия әлемі" саябағы жанындағы "Южное" дүкенінен сатып алынған балмұздақтарты балалар 27-28 наурыз күндері жегенін нақты айтты.

"Менің 13 жасар үлкен қызым мен 9-12 жас аралығындағы үш туысымды ауруханаға жатқызды. Олардың барлығы "Южное" дүкенінен сатып алынған балмұздақты жеген", - деді Шымкент қаласының тұрғыны Қалмахан Ерментаев.  

Оның сөзінше, тәтті балмұздақты жеген балалардың барлығында бірдей симптомдар, яғни жүрек айнуы, құсу және жоғары температура пайда болған.

Дереккөз: bnews.kz

30 наурыз 2018, 13:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.