Атырау, 29 қараша 20:35
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Шығыс Еуропаның екі елі бірігуі мүмкін

2 898 просмотра


Дүниежүзінің географиялық картасында өзгеріс болуы мүмкін. Кеше Румыния парламенті тарихта "Бессарабия" деген атаумен белгілі Молдова жерінің Румыниямен бірігуінің 100 жылдығына орай өткізілген еске алу жиынында Молдовамен бірігу ниетін білдіретін декларация жариялады, деп хабарлайды " kamuoyu.org".

Румыния халқының Молдовамен бірігу тілегін жеткізген бұл декларация арқылы, мұндай бастаманың Молдова халқының шешімімен ғана жүзеге асырылатыны, Румыния халқының осы тарихи шешімге дайын екендігі хабарланды.

"Бір ұлыс, бір ұлт ретінде танылуды ұсынамын".

Декларацияда Бессарабия аймағының "Атажұртпен" бірігуінің 100 жылдығында осы аймақтың бүгінгі атауы Молдова мен Румынияның қайтадан бірігу тілектерінің заңды және дұрыс екендігі де тілге тиек етілген. 

Парламенттің еске алу жиынында сөз алған Социал-Демократиялық Партиясының (PSD) басшысы Ливиу Драгня, Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының 1975 жылғы Хельсинки актісіне назар аудартты. 

Ол бұл актінің Еуропа халықтарының "өзін-өзі анықтау және тең құқылық" қағидасы құқығына арналғанын атап өтіп, "Мен Румынияның Молдовамен қосылып, Еуропа сахнасында бір ұлыс, бір ұлт ретінде танылуын ұсынамын", - деді. 

Молдова да бірлесуге "кетәрі" емес.

Румыния Парламентінің "Румын халқы мен Молдованың бірігуі" атты жиынына Молдова Парламенті мен Молдова үкіметінің өкілдері де қатысқан. 

Молдова Парламенті басшысы Ардиан Джанду өз сөзінде Молдова халқының Румынияның қолдауына мұқтаж екенін айтып, бүгінге дейін Еуропаға апаратын жолдар мен көпір құрылыстарының және өзге де аймақаралық істердің тек Румынияның көмегімен ғана жүзеге асырылғанын жасырмады. 

Тарихта "Ұлы Румынияның" бір бөлшегі ретінде қарастырылып келген Молдова мен Бессарабия аймағы, Осман империясы мен Ресей арасындағы соғыс салдарынан 19 ғасырда Осман империясының құрамынан шығып, Ресейге өткен болатын.  

Дереккөз: “The Qazaq Times

30 наурыз 2018, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.