Атырау, 26 қараша 09:36
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Хабарландыру

PR
2 101 просмотра

2018 жылдың 12-наурызында Қазақстан Республикасы нормативті-құқықтық актілердің Эталонды бақылау банкінде, 2018 жылдың 20-наурызында «Егемен Қазақстан» газетінде ҚР энергетика министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсанда шыққан «Газ және газбен жабдықтау саласындағы нормативтік-техникалық құжатты бекіту туралы» №491 бұйрығымен сол бұйрықпен бекітілген «Газдың жұмыс параметрлерін стандартты жағдайларға келтіру жолымен корректорларсыз есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қайта есептеу әдістемесінің» (әрі қарай - Әдістеме) мәтіні жарияланды.

Бұл бұйрық, белгіленген тәртіп бойынша, ҚР Инвестициялар мен даму министрлігімен және ҚР Ұлттық экономика министрлігімен (соның ішінде - Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетімен) келісіліп, 2018 жылдың 26 ақпанында 16429 нөмірімен ҚР Әділет министрлігінде тіркелді.

Әдістеме температуралық және қысымдық реттегіштері жоқ тұрмыстық есепке алу аспаптарының көмегімен тауарлық газды есептеу кезінде тұрмыстық  және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға қатысты қолданылады.

Бұл Әдістеме 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап енгізіледі және тұрмыстық есепке алу аспаптарында температуралық және қысымдық реттегіштері жоқ абоненттерге ғана көрсеткіштерді қайта есептеу қолданылады. 

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ

30 наурыз 2018, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған