Атырау, 26 қараша 09:14
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қоқыс көп, сұрақ жоқ

2 857 просмотра


29 наурызда Атырау әкімдігінде облыс орталығын санитарлық тазалау және көркейту бойынша көктемгі (сәуір-мамыр) екі айлыққа арналған кеңес өтті. Бұл жұмыстар үшін қала 9 округке бөлінді, әрқайсысында атқарылатын жұмыстар көп.

№4 округ (Привокзальный тұрғын массиві) ең проблемалы аудан болып көрінді.

Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ

- Пойызбен келген қонақтардың мұнайлы астанамен таныстығы  қисық және тозығы жеткен дуалдардан, әр жерге шашылған қоқыстан басталады, ал самса сататын дүңгіршектерге, тіптен, қарау мүмкін емес, - деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ теміржол вокзалының жанындағы ахуалды эмоциямен сипаттап.

- Сіз олармен келісімшарттарды бұзып, вокзалдан қуыңыз немесе тәртіп орнатыңыз енді, - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ. Мұнда «Дина» базарынан кім бар? Ол жердегі қоқыс не? Қала орталығындағы қоқыстың 90 пайызы сол жерден келеді деп есептеймін. Біз сіздерді жаба алмайды деп ойлайсыздар ма? Егер тәртіп болмаса, жауып тастай аламыз.

№1 округте (Жилгородок) де жасалатын жұмыстар жеткілікті. Мұсағалиев ең бастысы - үйлердің қасбеттерін жақсарту, сондай-ақ, баяғыда қирап біткен ғимараттарды күреу қажет деп есептейді. Содан кейін ол АМӨЗ-дің қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығына қарап:

- Қытайлықтар тұратын зауыт жанындағы жатақхананы айтсам, олар сіздерде жұмыс істеп, табыс тауып отырғандықтан, оларға айналасының бәрін ретке келтірсін деп айту керек, - деді.

Нұрлан ТАУБАЕВ

- Ал Арнаулы автобаза ше? Олар бәрі таза дейді. Сіз қаланы аралаңызшы, қай жерден тазалық көріп отырсыздар? Қоқыс контейнерлерінің көпшілігі лық толы, - деп сөзін жалғастырды Мұсағалиев. Оның пікірінше, көптеген мейрамханалар мен кафелердің аумағы да көңіл жабырқатарлық күйде.

- Ең болмаса бір түп ағаш отырғызып, вазондар орнатсаңыздар ғой. Әлде, сыпырғышпен ана жер, мына жерді сыпыра салсақ, сол жетеді деп ойлайсыздар ма? - деді Атыраудың бас санитарлық дәрігері кәсіпорын қожайындарына қарап.

Кеңес соңында әкім орынбасары ескертті:

- Барлық кемшіліктерді жою үшін екі ай уақыттарыңыз бар. Өзіне жүктелген міндеттерді дер кезінде орындамағандарға айыппұл салынып, шаралар алынады. Сұрақтар бар ма?

Сұрақ болмады.

Анастасия АЛЮШИНА 

Сурет «АЖ» мұрағатынан алынды

30 наурыз 2018, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.