Атырау, 29 қараша 20:32
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ердоған Нетаньяхуды "басқыншы" және "терроршы" деп атады

1 777 просмотра


Түркия президенті Режеп Ердоған өткен аптада 15 палестиндіктің қаза табуына байланысты Израиль үкімет басшысы Биньямин Нетаньяхуды "басыншы" және "терроршы" деп атады.

Израиль және Түркия басшылары арасындағы жанжал Газа секторы мен Израиль шекарасы маңында қақтығыстан 16 палестиналық қаза тауып, жүздеген адам жараланғаннан кейін туындады. Анкара Израиль әскерилерін қатаң сынады. Нетаньяху жауап ретінде "көп жыл бейбіт халықты бомбалап келген ел өзге елді сынамай-ақ қойсын" деп жауап берген. Ол бұл сөзінде Түркияның Сирия, Ирак және Түркиядағы күрдтерге қарсы операцияларын меңзеді.

Ердоған оған жауабында Израиль билігін "терроршы" деп атап, үкімет басшысын "әлемде ешкім жақсы көрмейтінін" айтты.

Бір кездері жақсы қарым-қатынас орнатқан Түркия мен Израиль арасы соңғы жылдары шиеленісе бастаған. Екі ел қарым-қатынасы соңғы уақытта тіптен нашарлап кетті.

Сәуірдің 1-і күні Израиль қорғаныс министрі Авигдор Либерман БҰҰ мен Еуропа Одағының 16 палестиналықтың өлімін жіті тексеру жөніндегі талабын қабылдамады. "Израиль әскері қажетті ісін орындады. Менің ойымша, олар марапатқа лайық" деді Либерман. Израиль мәліметі бойынша, қаза тапқандардың дені – радикалдық топ мүшелері.

Дереккөз: azattyq.org

2 сәуір 2018, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.