Атырау, 23 сәуір 22:18
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

"Мерседестер" алысқа ұзамады

Бейнежазба
3 749 просмотра

Бейнежазбадан алынған кадр

Өткен тәуліктерде Атыраудың екі тұрғыны «Mercedes» маркалы автокөліктерінің ұрланып кеткені туралы полицияға шағымданды. 

Бірінші жағдайда көлік иесі Авангард ықшамауданындағы үйдің ауласына түнде қойылған көлігінің жоғалғанын таңертең білген. Қысқа уақыт ішінде Атырау ІІБ қызметкерлері көлік ұрлаушыны қала сыртындағы Сарыөзек ауданынан ұстайды. Сол күні тағы бір «Mercedes» ұрланып кеткен. Кешікпей полицейлер күдіктіні Алмагүл ықшамауданынан ұстаған. 

- Екі ұсталушыға да қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі. – Жыл басынан бері көлік ұрлау бойынша 12 факт тіркелді, олардың 11-і тез арада табылды.


Фархат ӘБІЛОВ

Бейнежазбаны Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі ұсынды

30 наурыз 2018, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.