Атырау, 29 сәуір 20:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 457.21
€ 534.62
₽ 6.08

Алматы — Ақтөбе бағытындағы пойызда жолаушы көз жұмды

148 рет қаралды

Алматы — Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызында ер адам қайтыс болды.

Куәгерлердің мәліметінше, Алға станциясы маңында вагондардың бірінде 60 жастағы ер адамның денсаулығы күрт нашарлаған, деп хабарлайды Halyqstan. Алдын ала болжам бойынша, жолаушының жүрегі тоқтап қалған болуы мүмкін.

Оқиға куәгерлері пойыз бастығы мен басқа жолаушылар медицина қызметкерлері келгенше алғашқы көмек көрсетуге тырысқанын айтады. Дегенмен, бұл жағдай жолаушылар арасында сұрақ тудырған. Олардың айтуынша, вагонда шұғыл көмек көрсетуге қажетті кейбір базалық құралдар, соның ішінде тонометр табылмаған.

Кейін Ақтөбе қаласында ер адамның денесі жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады.

Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Желі қолданушылары теміржол көлігінің төтенше жағдайларға, әсіресе ұзақ сапар кезінде қаншалықты дайын екені туралы мәселе көтерді. Сондай-ақ, жолаушылар вагондардағы аптап ыстық пен желдету жүйесінің дұрыс жұмыс істемейтініне шағымданды. Олардың пікірінше, бұл факторлар жолда адамдардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның осы оқиғаға қатысты берген ақпараты бойынша, 27 сәуірде №033 Алматы — Ақтөбе пойызында 1966 жылы туған жолаушының денсаулығы нашарлаған.

«Пойыз бастығы жедел түрде алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақыруды ұйымдастырды. Келген медицина қызметкерлері жолаушының қайтыс болғанын анықтады. Белгіленген талапқа сәйкес, әрбір вагон әмбебап медициналық қобдишамен жабдықталған. Ауа баптағыш штаттық режимде жұмыс істеп тұрды», — деп хабарлады компаниядан.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Бүгін, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.