Атырау, 23 желтоқсан 10:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Семейде жарылыстың кесірінен үйдің терезелері сынған

Бейнежазба
1 968 рет қаралды

Төтенше жағдай басқармасы Ертіс өзенінде тасқын болдырмаудың алдын алып, мұздарды жарған болатын.

Алайда жарылыстың қуаты есептелмегендіктен бе әлде оны дұрыс орналастырмаған ба, белгісіз, Ертіс маңындағы үйлердің терезесі сынып, жұрттың наразылығын тудырды. Семейдің Сәтпаев көшесінде орналасқан тұрғындар әлеуметтік желіде ашу шақырған жазбалар жазып, қала әкімдігі мен ТЖБ мамандарын сауатсыз деп айыптап жатыр. 

Зардап шегушілердің айтуынша, сынған терезе мен әйнектің ұшқыны келіп адамға тиіп, оны жарақаттауы, тіпті, қайғылы оқиғаға душар етуі мүмкін. 

- Жарылыстың қуатты болғандығы соншалық – көрші ғимарат құлағандай әсер қалдырды. Жарылыс бұрын да болған. Алайда мұндай қатты болған емес, - дейді тұрғындардың бірі.

Видео +18 (Балағат сөздер бар)




Дереккөз: ustinka.kz

30 наурыз 2018, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.