Атырау, 29 қараша 20:32
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

АҚШ-тан қуылған ресейлік дипломаттарға берілген шекті мерзім аяқталды

1 531 просмотра

Фото: ВВС

Құрама Штаттан шығып кетуге бұйырылған орыс дипломаттарының алғашқы тобы Ресейдің Уашингтондағы (Вашингтон/Washington) елшілігінен кетті. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық ABC арнасына сілтеме бере отырып хабарлады. 

АҚШ үкіметінің шешімі бойынша тізімдегі ресейлік 60 дипломатия қызметкері Құрама Штаттан кетуі керек. Оларға берілген шекті мерзім бүгін аяқталады (АҚШ-тың жергілікті уақытымен 2 сәуірге дейін).  Ресей тарабы дипломаттарын елге қайтару үшін арнайы екі ұшақ жіберген. Ресейлік дипломаттардың алғашқы тобы бір күн бұрын АҚШ-тан шығып кетті. Құрама Штаттағы Ресейдің консулдығы жабылды. 

Сергей Скрипалға жасалған химиялық шабуылдан кейін Батыс пен Ресей арасы ала қойдай бүлініп, соңы дипломатиялық соғысқа ұласты. Еуропа мен Американың 22 елі 130-дан астам ресейлік дипломатты елден қуды. Мәскеуде бұның қарымта шабуылын жасап, АҚШ дипломаттарын елінен шығарды. Осыдан бұрын АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялап: «Ресей дипломаттарды шығарумен өзін ақтап ала алмайды», – деген болатын.

Дереккөз: qazaqtimes.com 

2 сәуір 2018, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.