Атырау, 3 октября 15:47
 будет пасмурноВ Атырау +17
$ 476.71
€ 467.03
₽ 8.36

Мұнайшылар спартакиадасы мәреге жетті

3 367 просмотров

Атырау қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компанияларының еңбек ұжымдары арасындағы спартакиада өз мәресіне жетті. Мұнайшылардың спорт додасы «ҚМГ» 20 жылдығы мен «Ембімұнайгаз» АҚ-ның құрылғанына 100 жыл толу мерейтойына арналды. Спорт жарысына 20-ға жуық еншілес кәсіпорыннан іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен 400-ден астам спортшы қатысты. Жарыс үстел теннисі, үлкен теннис, шахмат, волейбол, баскетбол, жүзу, шағын футбол, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика сияқты спорттың тоғыз түрінен өтті.

«Ембімұнайгаздың» 100 жылдығы және «ҚазМұнайГаздың» 20 жылдығына орайластыра өткен спартакиаданың өтуімен құттықтаймын. Сіздер еңбекте де, спортта да жеңіс туын көтеріп, жастарға үлгі көрсетіп жүрсіздер. Бұл – біздің «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы үшін үлкен жетістік! Барлық қатысушыға Ұлттық компания Басқарма төрағасының, еңбек ұжымының және жеке өз атымнан алғыс білдіремін», - деді спартакиаданың салтанатты жабылу рәсіміне қатысқан «ҚМГ» Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев.

Жеңіскежеткенкомандалар мен қызметкерлерге медаль, диплом жәнекубоктар тапсырылды. Сондай-ақ, спартакиада аясында «ҚМГ» құрамасы еліміздегі атақты «Қайрат» клубымен футзалдан жолдастық кездесу өткізді.

12 августа, 16:55

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz